360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада кептеліс мәселесі түбегейлі шешілмек

  • 232
  • UPD: 22:43, 24.09.2018

Астана қаласының 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарында басымдық берілген 5 аймақ анықталған.

Бұған дейінгі хабарларымызда сол аудандардағы қарқынды жұмысты көрсеттік, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Бүгін қаламен жапсарлас жатқан Тельман елді мекеніндегі игі бастамаларды тілге тиек етпекпіз.

Бұл – Астананы дамытуда басымдық берілген төртінші аймақ. Қазірдің өзінде мұнда құрылыс қарқын алған. Керей Жәнібек хандар көшесі дәл осы Тельманға келіп тіреледі. Бұл аймақтың ерекшелігі сол, басты назар жолға аударылған. Яғни, ыңғайлы автокөлік қатынасы орнайды. Бас қалада халықтың қиналмай, еш кедергісіз қатынау мәселесін шешуді Елбасының өзі тапсырған болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Городами надо управлять, прежде всего, управлять движением транспортом людей. И вот это тоже было учтено. Во-первых, посмотрите, я постарался разместить все центральные органы власти в одном месте, чтоб не ездили по всему городу. Во-вторых, сейчас город, постоянно докладывают же вам, что «умный город», что Астана должна стать «умным городом» и дать пример всем. Объездные дороги, кольцевые дороги, разгружать центр города и управлять всем процессом безопасности. Поэтому и светофоры и все наблюдательные, так сказать, механизмы, которые есть, они всё присутствуют в городе.

Қала әкімшілігінің айтуынша, бұл жерде жаппай тұрғын үй салу міндеті қойылмаған. Үйлер салынады. Бірақ көпқабатты емес. Басымдық – жасыл желекті жайқалту.

Арсений Пирожков, сәулетші:

Қаланың бұл бөлігінде салынатын құрылыс нысандары жағалауды жауып қалмайтындай етіп жоспарланған. Керісінше, көгалдандыруға баса мән бермекпіз. Жол бойында ағаштар көптеп отырғызылып, саябақтар, гүлзарлар салынады.

Жоспарға сәйес елорданы айналма жол қоршайтын болады. Қазір Сарыарқа мен Есіл аудандарына тиесілі жолдарды қосу жобаланып жатыр. Мұндай жол кестесі Мәскеу, Минск, Бейжің сияқты үлкен қалаларда бар. Бірақ Астананың ол жүйеден өзіндік ерекшелігі болады. Яғни, айналма жол бір орталыққа ғана емес, бірнеше орталыққа апарады. Бұл кептеліс мәселесін түбегейлі шешетіні анық. Онымен қоса, айналма жол тұрғындардың жұмысқа қатынауына, оқу орындарына баруына, мәдени орындар мен ойын-сауық, сауда орталықтарына еш қиындықсыз, оңай баруына септігін тигізбек.

Авторы: Аят Дүйсенбаев

Хабар 24 телеарнасы