366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Душанбеде өтетін ТМД елдері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады

  • 278
  • UPD: 17:16, 25.09.2018
Елбасы Душанбеде өтетін ТМД елдері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.

Биылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Президенті Душанбе қаласында өтетін ТМД елдері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады.

Басқосуда тараптар Достастық мемлекеттері ықпалдастығының келешегіне қатысты ой-пікір алмасып, ұйым жұмысының тиімділігін одан әрі арттыру мәселесін қарастырады.

Мемлекет басшысының саммитте бірқатар екі жақты кездесулер өткізуі жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл және Түркістан облыстарына, Шымкент қаласына барады.

Хабар 24 телеарнасы