365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Д.Абаев: Astana Media Week – жаңа технологияларды ел игілігіне жаратуға берілген үлкен мүмкіндік

  • 369
  • UPD: 19:44, 28.09.2018

Астанада отандық және шетелдік БАҚ өкілдері, блогерлер, сондай-ақ академиялық ортаның өкілдері бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Мұнда өзара тиімді байланыс орнатудан бөлек, нәтижелі келіссөздер жүргізу көзделген. Орталық Азиядағы ең ірі медиа апталық елімізде екінші рет ұйымдастырылып отыр. Ауқымды шара 28 қыркүйекке дейін жалғасады. Оған 2000-нан астам қонақ, қазақстандық және шетелдік медиа индустрияның 60 топ-менеджері, 50-ден аса продакшн-компаниялар қатысады. Медиа апталықтың бірінші күні – Media Talks. Яғни пікірталас алаңы форматында өтіп жатыр. Оған қызмет салаларының жетекші мамандары қатысып, өзінің үздік тәжірибелерін ортаға салады.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

– Бұл шараның басты мақсаты – отандық медиа нарықты жан-жақты дамыту ғана емес, мәдени және ақпараттық байланыстарды да тереңдету. Байланысы мықты мемлекеттің, қорғанысы да қуатты. Жылдан жылға осы апталыққа қатысуға ықылас білдірген елдердің де саны артып келе жатқаны, сіздер мен біздің бірігіп атқарған істеріміздің оң нәтиже беруі. Сондықтан да бұл апталық – қатысушылар үшін озық тәжірибелермен танысып, пікір алмасып, шығармашылық шеберліктерін шыңдауға, жаңа технологияларды ел игілігіне жаратуға берілген үлкен мүмкіндік.

Хабар 24 телеарнасы