367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы ТМД мемлекет басшыларының кеңесіне қатысу үшін Душанбеге барды

  • 230
  • UPD: 23:47, 27.09.2018

Ертең Душанбеде өтетін ТМД мемлекет басшыларының кеңесіне қатысу үшін Мемлекет  басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Душанбеге ұшып келді деп хабарлайды сол жақта жүрген тілшілеріміз.

Ертең президенттер әуелі шағын құрамда кездесіп, достастық елдері арасындағы байланысты бекемдеудің жолдарын талқылайды. Сондай-ақ ұйымның кезекті төрағасын бекітеді. Ал кеңейтілген құрамдағы отырыста тараптар 15 шақты құжатқа қол қояды деп күтілуде. Олардың арасында ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен бірігіп күресу туралы келісім мен ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану туралы халықаралық конвенция бар. Кеңес отырысынан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар екіжақты кездесулер өткізбек.

Осы категория бойынша: « Н.Назарбаев ҚР «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің басшылық құрамымен кездесті Н.Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының кезекті кеңесіне қатысады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы