364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының кезекті кеңесіне қатысады

  • 282
  • UPD: 07:43, 28.09.2018

Бүгін Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында ТМД мемлекет басшыларының кезекті кеңесі өтеді.

Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Елбасы әуелі шағын, кейін кеңейтілген құрамдағы отырыстарға қатысады, сосын бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Гүлжан Марқабаева, тілші:

– Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мемлекет басшыларының кеңесі – достастықтың жоғары органы. Сондықтан бұл жерде көтерілетін мәселенің қай-қайсысының да салмағы жеңіл емес. Бұл кеңеске қатысу үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Душанбеге кеше кешкісін ұшып келген болатын. Елбасы тәжікстандық әріптесі Эмомали Рахмонмен де кездесіп үлгерді. Қос тарап екіжақты байланысты бекемдей түсуге уағдаласты. Ал ТМД мемлекет басшыларының кезекті кеңесі Астана уақытымен сағат 11-де басталады деп болжанып отыр. Кеңес «Кохи Сомон» үкімет резиденциясында өтеді. Президенттер бірінші шағын құрамда кездесіп, достастық шеңберіндегі байланыстың бағыттарын айқындап, ұйымның кезекті төрағасын бекітеді. Кейін кеңейтілген құрамда саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық мәселелер қаузалады. Кеңес қорытындысы бойынша 15 шақты құжатқа қол қойылады деп күтілуде. Олардың арасында ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен бірігіп күресу туралы келісім мен ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану туралы халықаралық конвенция бар. Жалпы ТМД мемлекет басшыларының кеңесін өткізуге Душанбе таңсәріден қызу дайындалып жатыр.

Осы категория бойынша: « Елбасы ТМД мемлекет басшыларының кеңесіне қатысу үшін Душанбеге барды ТМД мемлекет басшылары кеңесінде 15 шақты құжатқа қол қойылады деп күтілуде »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы