366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ТМД мемлекет басшылары кеңесінде 15 шақты құжатқа қол қойылады деп күтілуде

  • 170
  • UPD: 13:52, 28.09.2018

ТМД мемлекет басшылары Душанбеге жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Мемлекет басшыларының кезекті кеңесі Астана уақытымен сағат 11-де басталады де жоспарланып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан астанасына кеше келген болатын. Жиын «Кохи самон» үкімет резиденциясында өтеді. Президенттер кеңес жұмысын шағын форматта бастайды. Олар достастық шеңберіндегі байланыстың бағыттарын айқындап, ұйымның кезекті төрағасын бекітеді. Кейін кеңейтілген құрамда саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық мәселелер талқылауға шығарылады. Бұл жолғы жиынға Түрікменстан президенті келмейтін болды, оның орнын елдің вице-премьері алмастырады. Сондай-ақ кеңеске Армения премьер-министрі Никол Пашинян алғаш қатысады. Кеңес қорытындысы бойынша 15 шақты құжатқа қол қойылады деп күтілуде. Президенттер Екінші дүниежүзілік соғысының 75 жылдығын атап өту туралы және қылмыспен бірлесіп күресудің 2019-2023 жылдарға арналған мемлекетаралық бағдарламасын түзу туралы шешім шығарады делінген. Достастық елдері бірінші рет ұзақ мерзімге бірлескен бағдарлама қабылдамақ.

Хабар 24 телеарнасы