360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды

  • 367
  • UPD: 23:52, 28.09.2018

ТМД елдері басшылары кеңесінің кезекті отырысынан кейін Елбасы кешқұрым Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасының тілшісі.

Онда Президент жуырда ғана жаңғыртудан өткен мұнай өңдеу зауытын аралады. Ал ертең шаһарды дамыту жөнінде кеңеске қатысады деп жоспарланған.

Шымкент үшінші мегаполиске айналғаннан кейін бұл – Елбасының оңтүстік шаһарға алғаш рет келуі. Сондықтан осы тарихи оқиғаға бастамашылық еткен Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сапары өте маңызды. Қазір миллион тұрғыны бар шаһарды түбегейлі өзгерістер күтіп тұр. Бүгінде бірқатар ірі жоба қолға алынды. Тек ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік қанат жайып қана қоймай, өндіріс те өркендеп келеді. 500-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Сондай ірі өнеркәсіптің бірі – Шымкент мұнай өңдеу зауыты. Мемлекет басшысы ұшақтан түскен бойда сонда барды. Бір ай бұрын жаңғырту жобасының екінші кезеңін аяқтаған зауыт жұмысымен танысты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мы стали производить больше светлого продукта, больше европейского стандарта, высокооктанового, таким образом, дефицит который был, импорт, мы бензин покупали в России, особенно авиакеросин, полностью были зависимы. Теперь надо думать, как удешевлять стоимость авиакеросина. Мы эту задачу решили, мы смотрим в будущее. По дальнейшей стратегии, это вопрос будущего, как будет развиваться наша экономика, как будет продвигаться индустриализация, как будет расти потребление. Автомобили, уже производим автобусы с газовым двигателем, то есть это надо увеличивать, это для экологии хорошо.

Күрделі жөндеудің нәтижесінде бүгінде өндіріс көлемі 1 млн тоннаға артып, 6 млн-ға жетті. Қазір Еуро-4 және Еуро-5 стандартына сай жанармай мен дизельді отын шығарады. Мұнымен шектеліп қана қоймай, жылына 400 мың тонна әуе керосинін де өндіреді. Елімізде шығарылатын мұнай өнімдерінің үштен бірі осы зауытқа тиесілі.

Болат Байетов, Шымкент мұнай өңдеу зауытының техникалық директоры:

- Жаңғыртуға дейін егін жинау кезінде, егін егу кезінде дизель отыны мен бензин жетіспей жатты. Сондықтан біздің алға қойған мақсатымыз үш зауыт болып толықтай Қазақстанды керекті жанармаймен толтыру еді. Енді үш зауыт болып толықтыра аламыз. Егер көптеп шығарылып жатса, онда біз дайынбыз. Біздің зауыт өте ыңғайлы орналасқан. Біз Қырғызстанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға экспортқа шығаруға дайынбыз.

Өндіріс ошағы толықтай жаңғыртудан өткеннен кейін еңбек өнімділігі де арта түсті. Бүгінде зауыт толығымен автоматтандырылған. Яғни мамандар ары-бері сандалмай жұмысы барысын тек цифрлық технологиялардың көмегімен бақылап отырады.

Дастан Шойбеков, Шымкент мұнай өңдеу зауытының қондырғы басшысы:

- Көріп отырғандарыңыздай, автоматтандырылған жүйенің арқасында операторлар монитордан технологиялық процесті қадағалап отырады. Температура, қысым, шығынды көріп отырады. Дайын өнімнің шығуын осы жерден қадағалап отырады. Бұл өте үлкен зал. Біріктірілген. Барлық технологиялық қондырғылар осы жерде. Басқару жүйесі осы жерде.

Елбасы зауыт жұмысшыларымен кездесуде қоршаған ортаны қорғау мәселесі назар аударды. Бұл ретте газбен жүретін қоғамдық көлік түрлеріне көшу керектігіне мән берді. Бүгінде цифрлық технологиялар тек кәсіпорындарға ғана емес, білім беру, денсаулық сақтау, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына да енгізіліп жатыр. Атқарылған шаруаларды Елбасы осы сапар аясында бағамдайтын болады.

Елбасының Шымкент қаласына жұмыс сапары 2 күнге жалғасады. Президент үшінші мегаполисті дамыту жөнінде кеңес өткізбек. Шырайлы шаһармен қатар күллі түркі жұртының рухани ордасы саналатын Түркістан облысын өркендету де басты міндет. Мемлекет басшысы құтты мекенге де жұмыс сапарымен барады деген жоспар бар.

Авторы: Назерке Әбдірахманқызы

Хабар 24 телеарнасы