365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттің өзіндік архитектурасын қалыптастыру керек – Елбасы

  • 228
  • UPD: 14:11, 29.09.2018

«Шымкент қонақтар үшін жайлы әрі тартымды ірі мегаполиске айналуы тиіс. 2025 жылы қала халқы 1 млн 300 мыңнан асады деген жоспар бар.

Бұл ретте тұрғын үй құрылысын қарқынды жүргізіп, инвесторлар тарту керек». Оңтүстік шаһарға жұмыс сапарымен барған Елбасы қала басшылығының алдына осындай міндет жүктеді. Президент, әсіресе, сапаға мән беруді тапсырды. «Шымкенттің өзіндік архитектурасын қалыптастыру керек» деді. Ал тозығы жеткен үйлерді сүріп тастап, оның орнына мәдени ошақтар мен спорт кешендерін тұрғызуға шақырды. Нұрсұлтан Назарбаев талай рет сынға ұшыраған жоғарғы оқу орнының білім сапасын арттыру қажеттігіне де назар аударды. Бәсекеге төтеп беруге дайын болуды ескертті.

Хабар 24 телеарнасы