365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Ахмет Яссауи кесенесіне арнайы барды

  • 492
  • UPD: 15:47, 29.09.2018

Бүгін Президент Түркістан облысына да ат басын бұрды. Нұрсұлтан Назарбаев әкімшілік-іскерлік орталықтың жобасымен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кеткен жөн, бұл –Елбасының Түркістан облыс орталығы болғалы алғаш рет келуі. Жаңа қалашық Түркістанның солтүстік-шығысынан орын тепкен. Жер көлемі – 25 мың гектар. Соның ішінде әкімшілік іскерлік орталыққа тиесілі аумақ 225 гектарды алып жатыр. Мемлекет басшысына  аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласының даму жоспарын таныстырды. Мұнда алдағы 3 жылда әкімшілік ғимараттар мен театр, кітапхана, мұражай, мектеп, балабақша, стадион, емханалар бой көтереді. 670 гектар аумақта 65 мың адамға арналған тұрғын үй салынады.

Түркістан қаласына келген Президент Ахмет Яссауидің кесенесіне арнайы барды. Жаугершілік заманында қазақтың жерін билеп, жаудан қорғаған хандар мен сұлтандар осында жерленген. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Түркістандағы тарихи жәдігерлерді сақтап, насихаттауға қатысты жұмыстарымен бөлісті.

Хабар 24 телеарнасы