365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Халықаралық қауымдастық Қазақстанның жемқорлықпен күрестегі нәтижелерін жоғары бағалады

  • 469
  • UPD: 15:22, 30.09.2018

Австрияда жемқорлыққа қарсы күрестің қазақстандық моделі таныстырылды.

Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде халықаралық жемқорлыққа қарсы академияның ассамблеясы өткен болатын. Оған біздің елдің де делегациясы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұған қоса, жергілікті кәсіпкерлерге бизнес пен инвесторларды қорғауға қатысты жоба да таныстырылды.

Венадағы БҰҰ штаб-пәтеріне 60-тан аса елдің өкілі жиналды. Барлығы да жемқорлыққа қарсы күресіп жүрген мамандар. Олар 2 күн бойы өзара тәжірибе алмасып, өз біліктіліктерімен бөлісті. Қазақстандық делегацияны бастап барған Алик Шпекбаев жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы елде атқарылып жатқан шараларға тоқталып, мемлекеттің қызмет түрлері жаппай электронды форматқа көшіріліп жатқанын мәлімдеді. Бұл бастама тұрмыстық жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді. 

Қайрат Сарыбай, Қазақстан Республикасының Австриядағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Жемқорлықтың алды алынып, заң толықтай үстемдік құрған кезде ғана тұрақты даму болады. Сондықтан бұндай бас қосулардың біздің ел үшін де, басқа елдер үшін де маңызы зор. Өйкені саладағы тісқаққан мамандар өз тәжірибелерімен бөліседі. Басқа тараптың көрген-білгенін үйренеді.

Іссапар барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Қазақстан-Австрия бизнес-форумына да қатысты. Ол жерде Алик Шпекбаев жергілікті кәсіпкерлерге бизнес пен инвесторларды қорғауға қатысты жаңа жобаны таныстырды.

Рихард Шенц, Австрия экономикалық палатасы президентінің орынбасары:

- Қазіргі таңда Қазақстанда 200-ге жуық австриялық фирма бар. Олардың басым бөлігі ұзақмерзімді әріптестікті қалайды. Сондықтан бүгінгі жиында көтеріліп жатқан мәселелер өте өзекті деп ойлаймын.

Зигфрид Ладнорг, кәсіпкер:

- Қазақстандағы инвестициялық климат өте жайлы деуге болады. Әсіресе соңғы жылдардағы өзгеріс саланың дамуына кәдімгідей серпін берді. Мәселен, біздің комания 4 жылдан бері Қазақстанда жұмыс жасап келеді және әріптестікті одан әрі жалғастыруды жоспарлап отырмыз.

БҰҰ қабырғасында жемқорлыққа қарсы күрестің қазақстандық моделі таныстырылды. Оған, әсіресе, халықаралық ұйымдардың өкілдері үлкен қызығушылық танытты.

Андрей Мунтян, ЕҚЫҰ бюросының экономика бойынша аға кеңесшісі:

- Қазақстанда жасалып жатқан шаралар бізді шынымен де таңқалдырды. Енді осы тәжірибені басқа елдерде де қолдану керек. Әрине, бұл оңай жұмыс емес. Бірақ тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін бұл қадамдар өте маңызды. 

Халықаралық жемқорлыққа қарсы академия келелі басқосуды келесі жылы Астанада өткізу жөнінде шешім қабылады. Бұл әлем қауымдастығы жемқорлыққа қарсы елде атқарылып жатқан шараларға жоғары баға беріп отыр деген сөз.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Осы категория бойынша: « Президент Түркістанды дамытудың бас жоспарын бекітті «Нұрлы жер» бағдарламасы. Сегіз айда 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы