Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда инфляция деңгейі шекті межеден аспайды

  • 317
  • UPD: 23:34, 02.10.2018

Соңғы бір жылда елімізде бензин 6, дизель 38%-ға қымбаттаған. Ол түгілі әлеуметтік маңызы бар бірсыпыра тауар түрінің бағасы өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мәліметтер бүгін Үкімет отырысында айтылды. Жалпы жыл басынан бері инфляция деңгейі 5-7% деген межеден аспаған.

Қолдан жасалған тапшылық, бағаны тұрақтандыруға қатысты іс-шаралардың шала-шарпы атқарылуы, тұрақтандыру қорларынының жұмысындағы олқылықтар. Осының бәрі инфляцияға әкеп соғады. Үкімет қымбатшылықтың алдын алуға тырысқанымен бірқатар тауар түрінің бағасы өсіп кеткен. Осы жайттарды Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленовтің өзі жайып салды. Бәрін жіктеп, әр өңірдегі өсімді жіпке тізгендей көрсетті.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары:

- Дизель отыны 38%-ға, қызылша 18%-ға, қала маңы жүру ақысы 18%-ға, қырыққабат 16%-ға тас көмір 15%-ға өсіті. Инфляция жыл басынан бастап орташа республикалық деңгейден бірқатар өңірлер асып түсті. Бұл – Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстары, сондай-ақ, Астана, Шымкент және Алматы қалалары.

Сондай-ақ Батыс Қазақстанда қоқыс жинау 62%, Түркістан облысында үйді жалға алу құны 40%, ал Қызылорда облысында жылу бағасы 21%-ға өскен. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасында да ауытқу бар. Әсіресе қымбатшылық Түркістан, Шымкент, Жезқазған қалаларында байқалады. Мәселен қант, күріш, күнбағыс майының құны өскен. Ал қарақұмық, картоп, пияз сияқты өнімдер арзандапты. Халықтың алаңдауына негіз жоқ. Арман Евниевтің айтуынша, тұрақтандыру қорларындағы жағдай бақылауда тұр.

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

- Тауарлық интервенциялар жүргізуге арналған қор 4,5 мың тоннаны, алмастыруға берілгендер және жауапты сақтауға берілгендер 3,8 мың тоннаны құрады. Қолда бар 4,5 мың тоннаның 2,16 мың тоннасы – қант, 0,71 мың тоннасы – күнбағыс майы, 0,67 мың тоннасы – 1 сұрыптағы бидай ұны, 0,577 мың тоннасы – қарақұмық жармасы және 0,354 мың тоннасы – макарон өнімдері.

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың есепшоттарында 5,1 млрд теңге қаражат бар. Сондай-ақ министрлік  отандық қант өндірісін дамытудың тиімді тетіктерін әзірлеп жатыр. Бұл жүйе қант төңірегінде қалыптасқан жағдайды реттеуі мүмкін.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлерге 10 мың тонна қант сатып алуды ұсынады.Ауыл шаруашылығы министрлігімен қолда бар қаражаттарды өңірлерге 10 мың тоннаға дейін қант сатып алуға жұмсау ұсынылады.

Сонымен қатар министрлік пен қант бағасын тұрақтандырудың жүйелік шарасы ретінде отандық қант өндірісін дамыту бойынша салалық бағдарлама әзірленуде.

Тұрақтандыру қорлары астық және көкөніспен толығып қана қоймай, оның сақталуына мән беруі керек. Сондай-ақ қантты сатып алуды жеделдетуі тиіс. Ал қорларды қалыптастыру штабтарының жұмысы жандандыруды талап етеді. Жергілікті жерлердегі тұрақтандыру қорларына осындай міндеттер жүктелді.

Авторы: Қарлығаш Қайыпбекова

Хабар 24 телеарнасы