364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Қазақстан кәсіподақтар федерациясының жұмысына табыс тіледі

  • 630
  • UPD: 15:08, 03.10.2018

Өндірістік кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қатынастарын реттеу.

Жұмысшылар мен жұмысшы арасындағы медиация мәселесін жаңа сапаға көтеру. Еңбеккерлерді әлеуметтік тұрғыдан қорғау. Бүгін осы мәселелер Кәсіподақтар федерациясының кезектен тыс XXV съезінде қаралды. Федерация 21 салалық, 17 аумақтық, 18 мыңдай бастауыш кәсіподақ ұйымын біріктіріп отыр. Олардың қатарында 2 млн-ға жуық адам бар. Бұл ұйым еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кәсіподақ қозғалысынының жұмысына аса мән беру қажеттігін өз жолдауында атап өткен болатын. Съезд делегаттарына Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының құттықтау хатын жеткізді. Онда: «үшжақты әріптестік моделі өзінің тиімділігін дәлелдеді. Жұмыс орындарын сақтау бойынша 115 мыңнан астам меморандумға қол қойылды. Бұл еліміз бойынша 3 млн-ға тарта жұмыскердің ертеңгі күнге деген сенімін ныйғатты» делінген. 

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Еңбек нарығының жаһандық трансформациясы ескеріле отырып Қазақстан кәсіподақтар қозғалысының одан әрі дамуының жаңа стратегиясы әзірленеді деп сенемін. Сіздерге алға қойған мақсаттарға жетуде табыс пен табандылық, жемісті диалог пен сындарды идеялар тілеймін. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Съезге 200-ден астам делегат қатысып жатыр. «Тұрақты кәсіпорын», «Тұрақты қоғам», «Тұрақты ел» деген айдармен өтіп жатқан басқосуда қатысушылар бастауыш ұйымдардың жұмысын жандандыру, еңбек қатынастарын дүниежүзілік тенденциялар бойынша жүргізу, жұмысшы құқығын қорғау мәселерін де талқылайтын болады.  

Бақытжан Әбдірайым, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

- Осы жарты жылда жұмыс орнында 140 адам мерт болды. Бұл дегеніңіз – өте ыңғайсыз статистика. Біз осы саланы қолға алып, жұмыс берушімен бірге жаңа механизмдерді енгізуге дайынбыз. Оған біздің бірнеше ұсынысымыз бар. Заңды күшейту жағынан жұмыс берушімен тығыз байланыста болу, осы жағынан және техникалық инспекторлардың мәртебесін көтеру. 

Осы категория бойынша: « Қазақстанда инфляция деңгейі шекті межеден аспайды Д.Кәлетаев: Азаматтық қоғамды дамыту үшін шетелден көмек алуды тоқтату керек »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы