366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үкіметте Елбасы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы мақұлданды

  • 264
  • UPD: 15:15, 09.10.2018

Мемлекет басшысының жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін бүгін Үкімет отырысында жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы мақұлданды.

Құжатта қолға алынатын негізгі алты міндет бойынша 100 іс-шара қамтылған. Оның ішінде «Халық табысының өсуі», «Тұрмыс сапасын арттыру» секілді бағыттар бар. Мәселен, медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар құжаттаманы цифрлық түрде жүргізуге көшеді. Ал «Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат» атты төртінші міндет аясында 19 іс-шара көзделген. Құжатта «Тиімді сыртқы саясат» және «Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы» деп аталатын бағыттар да бар.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- «Тиімді сыртқы саясат» бесінші міндеті аясында сыртқы саясатты қазіргі жағдайларға бейімдеу және ұлттық мүддені прагматизм қағидаттарында ілгерілету бойынша шаралар қабылданатын болады. «Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы» алтыншы міндеттің шеңберінде 6 іс-шара көзделген. Атап айтқанда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына жаңа мазмұн мен бағыттарды қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарындағы жұмыстардың іске асуын Үкімет басшысы Президент тиісті Жарлыққа қол қойған соң жіті бақылауына алатын болады. Мемлекет басшысы Жарлығының жобасын Премьер-Министр кеңсесі мен Ұлттық экономика министрлігі Президент әкімшілігіне 12 қазанға дейін тапсыруы тиіс.

 

Хабар 24 телеарнасы