364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы ресми сапармен Финляндия мен Бельгияға барады

  • 305
  • UPD: 16:26, 10.10.2018
Мемлекет басшысы ресми сапармен Финляндия мен Бельгияға барады

Ақорда сайты Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.

Қазақстан Президенті биылғы 16-17 қазанда Финляндия Республикасына ресми сапармен барады.

Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі, сондай-ақ Финляндияның іскер топтар өкілдерінің форумына қатысуы жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы биылғы 18-19 қазанда Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласында өтетін «Азия-Еуропа» форумының (АСЕМ) 12-ші саммитіне қатысады.

Осы категория бойынша: « Елбасы Насир Абдуләзиз әл-Насерді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады Елімізде конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталық құрылуы мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы