367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы АХҚО басқарушысы Қ.Келімбетовті қабылдады

  • 411
  • UPD: 21:07, 11.10.2018

Астана халықаралық қаржы орталығы жаһандық рейтингіде әлемдегі 100 қаржы орталығының ішінен 61-орынға жайғасты. Ал  Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірі бойынша 2-орында тұр.

Бұл туралы Елбасының қабылдауы кезінде орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетов хабарлады. Ол Президентке қаржы орталығының қалыптасу барысы жайлы есеп берді. Нұрсұлтан Назарбаев қазір қаржы құрылымының тиімді жұмысына қажет барлық құқықтық және ұйымдастырушылық база жасақталғанын айтты. Бұдан бөлек кездесуде Астана халықаралық қаржы орталығының биржасын еліміздегі жекешелендіру және отандық компаниялардың акцияларын IPO-ға шығару үдерісінде қолдану мүмкіндіктері сөз болды.

Қайрат Келімбетов, Астана ХҚО басқарушысы:

- 5 шілдеден бері сіздің АҚШ және Қытайға жасаған мемлекеттік сапарыңыз кезінде қол жеткізілген келісімдерге сай жұмыс жүргізіп келеміз. Жақында ғана біз Нью-Йоркте делегация өкілдерімен болдық. Онда сіздің Трамп әкімшлігімен кездесуіңізде көтерген мәселелерді талқыладық. 

Сондай-ақ Қайрат Келімбетов орталықтың халықаралық деңгейдегі қызметі жайында әңгімелеп, өзге нарықтармен әріптестік турасында баяндады. Мәселен, қазір қаржы құрылымы Орталық Азия мен Шығыс Еуропа аймағы бойынша көшбасшы орындарға көтеріліп отыр.

Қайрат Келімбетов, Астана ХҚО басқарушысы:

- Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес Астана халықаралық қаржы орталығының қалыптасуы мен дамуына баса мән беріліп отыр. Бүгін Елбасымен кездесуде құрылымның қазіргі мәртебесі жайында кеңірек баяндама жасадым. Орталық халықаралық аренада өзіндік беделге ие бола бастады. Әлемде 100 шақты қаржы орталығы болса, солардың арасынан Астана алғаш рет 61-орынға табан тіреді. Сондай-ақ, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағы бойынша екінші орынға лайық деп танылды. Бұған қоса Goldman Sachs International компаниясы халықаралық биржамыздың акционері атанды. Ал «Самұрық-Қазына» қорымен ұлттық компанияларды жекешелендіру және оларды халықаралық биржа листингтеріне шығару процесіне алдын ала дайындық жүргізілді. Жалпы Астана биржасы заңнамалық, технологиялық, қаржылық тұрғыда іске қосу процесіне толыққанды дайын. Жоспар бойынша биыл және келер жылы орталықтың платформасында ауқымды IPO жүргізіледі.

Осы категория бойынша: « Алматыда Шерхан Мұртазамен қоштасу рәсімі өтті Елбасы «Назарбаев Университеті» ДМБ президенті Шигео Катсумен кездесті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы