368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы «Назарбаев Университеті» ДМБ президенті Шигео Катсумен кездесті

  • 358
  • UPD: 15:36, 12.10.2018
Елбасы «Назарбаев Университеті» ДМБ президенті Шигео Катсумен кездесті

Кездесуге Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Исекешев, Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, «University Medical Center» корпоративтік қоры басқармасының төрағасы Ж.Жұмаділов қатысты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Елбасыға «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы жолдауда айтылған Астанадағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құрылысының тұжырымдамасы ұсынылды.

Денсаулық сақтау министрінің мәліметіне сәйкес, бұл орталықтың құрылыс жұмыстары биыл басталады. Жаңа медицина мекемесінде қатерлі ісік ауруларына диагностика жасап, емдеу үшін озық технология, соның ішінде лазерлік, сәулелік, жасушалы-иммунді терапия және өзге де заманауи әдістер қолданылатын болады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына жолдаудағы жекелеген бағыттарды іске асыруға қатысты Назарбаев Университетінің қазіргі жұмыстары жөнінде баяндалды.

Ш.Катсу Қазақстан Президентіне Инновациялық кластердің жұмыс жоспары мен университеттің ғылыми-зертханалық кешенінің іске қосылуы жөнінде мәлімдеп, Назарбаев зияткерлік мектептерін дамытудың бірқатар мәселелерін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Осы категория бойынша: « Елбасы АХҚО басқарушысы Қ.Келімбетовті қабылдады Мемлекет басшысы онкологиялық орталық тұжырымдамасын мақұлдады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы