368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

  • 411
  • UPD: 20:28, 15.10.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе қаласына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елбасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, бірнеше өндірістік және әлеуметтік нысанды аралады. Президент алдымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынған офтальмологиялық орталыққа барды. Құны 3,2 млрд теңге болатын мекеме күніне 500 адам қабылдайды. Заманауи медициналық қондырғылармен жабдықталған орталықта батыс аймақ тұрғындары ем қабылдайды. Президент церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды емдейтін «Аяла» оңалту орталығын да көрді. Мұнда сырқат балалар ұзақ мерзімді оңалту шараларынан өтеді. Нұрсұлтан Назарбаев жақында ғана ашылған теннис орталығының да жұмысын көрді. Мұнда 500 бала тегін теннис үйірмесіне қатысатын болады.

Осы категория бойынша: « Елбасы Мәдениет және спорт министрін қабылдады Мемлекет басшысы Ақтөбедегі Мұз сарайына барды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы