364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Ақтөбедегі Мұз сарайына барды

  • 226
  • UPD: 19:57, 15.10.2018
Мемлекет басшысы Ақтөбедегі Мұз сарайына барды akorda.kz

Елбасы Словакия инвесторларының қатысуымен салынған Ақтөбедегі жаңа Мұз сарайына барды.

Қазақстан Президенті жас хоккейшілерді және барша ақтөбеліктерді Мұз сарайының ашылуымен құттықтап, шайбаға естелік қолтаңба қалдырды.

Жалпы аумағы 8 500 шаршы метр болатын спорт кешені жыл бойы хоккейден, шорт-тректен, мәнерлеп сырғанаудан, баскетболдан, шағын футболдан, бокстан, үлкен теннистен, гимнастикадан кәсіби жарыстар өткізуге, сондай-ақ конькимен жаппай сырғанауға мүмкіндік береді. Арена 2 500-ден астам көрерменге арналған.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Осы категория бойынша: « Елбасы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды Елбасы «ACE Tennis Center» теннис орталығының жұмысымен танысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы