365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы «ACE Tennis Center» теннис орталығының жұмысымен танысты

  • 268
  • UPD: 22:00, 15.10.2018
Елбасы «ACE Tennis Center» теннис орталығының жұмысымен танысты akorda.kz

Президент Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында «ACE Tennis Center» теннис орталығына барды.

Қазақстан Президенті мемлекет-жекеменшік серіктестік аясында салынған спорт кешенінің жұмысымен танысып, өңірлерде осындай спорт инфрақұрылымдарының ашылуы салауатты өмір салтын насихаттауға және елімізде теннистің даму деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев жас спортшылармен әңгімелесіп, теннис добына естелік қолтаңба қалдырды, сондай-ақ осы орталықтың қонақ үй кешені мен басқа да орындарын аралап көрді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы Ақтөбедегі Мұз сарайына барды Мемлекет басшысы Ақтөбедегі бірқатар әлеуметтік нысанды аралады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы