371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасының Ақтөбе облысына сапары жалғасып жатыр

  • 278
  • UPD: 09:58, 16.10.2018

Мемлекет басшысының Ақтөбе облысына сапары бүгін де жалғасып жатыр. Кеше елбасы аймақтағы бес нысанды аралап шықты.

Президент әуелі көз ауруларын емдейтін медициналық орталыққа барды. Соңғы үлгідегі емдік құралдармен жабдықталған орталық мемлекет пен жеке сектордың серіктестігімен салынған. Ел бойынша теңдесі жоқ клиникада жыл басынан бері бір мыңға жуық операция жасалған. Одан соң елбасы «Аяла» балаларды оңалту орталығында болды. Бұл жерде дцп, аутизм және жүйке жүйесі патологиясына шалдыққан балалар емделеді. Нысан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде салынған. Орталықта «Асыл мирас» қайырымдылық қоры аутизм диагнозы бар балаларды емдейтін мүмкіндіп жасап берді. Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев облыс орталығында ашылған мұз айдыны мен теннис орталығына барды. Бұл екі орталық та мемлекет пен жеке сектор серіктестігінің нәтижесінде xалық игілігіне берілді. Облыста бұқаралық спортты дамытуға үлкен мән берілген, тек биылдың өзінде облыста 28 спорт нысаны салынып, жөндеуден өтеді. Бұдан соң мемлекет басшысы «Ақтөбе» индустриалды орталығына барды. Бұл жерде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекет басшысына облыстың 9 айдағы даму қорытындысын жария етті. Оның айтуынша экономиканың барлық саласында өсім бар. Президент өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Мемлекет басшысы бүгін де бірнеше нысандарды аралайды. Бұл жайында алдағы жаңалықтарымызда тарқатып айтатын боламыз.

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы Ақтөбедегі бірқатар әлеуметтік нысанды аралады Елбасы Ақтөбе қаласының одан әрі дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы