367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Ақтөбе облысында атқарылып жатқан жұмыстарға бағасын берді

  • 194
  • UPD: 16:11, 16.10.2018

Мемлекет басшысының Ақтөбе облысына сапары аяқталды. Елбасы аймақтағы бес нысанды аралап шықты.

Президент әуелі көз ауруларын емдейтін медициналық орталыққа барды. Соңғы үлгідегі емдік құралдармен жабдықталған орталық мемлекет пен жеке сектордың серіктестігімен салынған. Ел бойынша теңдесі жоқ клиникада жыл басынан бері бір мыңға жуық операция жасалған. Одан соң Елбасы «Аяла» балаларды оңалту орталығында болды. Бұл жерде сал ауруына, аутизм және жүйке жүйесі патологиясына шалдыққан балалар емделеді. Нысан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде салынған. Орталықта «Асыл мирас» қайырымдылық қоры аутизм диагнозы бар балаларды емдейтін мүмкіндік жасап берді. Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев облыс орталығында ашылған мұз айдыны мен теннис орталығына барды. Бұл екі орталық та мемлекет пен жеке сектор серіктестігінің нәтижесінде xалық игілігіне берілді. Облыста бұқаралық спортты дамытуға үлкен мән берілген, тек биылдың өзінде облыста 28 спорт нысаны салынып, жөндеуден өтеді. Бұдан соң мемлекет басшысы «Ақтөбе» индустриалды орталығына барды. Бұл жерде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Елбасына облыстың 9 айдағы даму қорытындысын жария етті. Оның айтуынша, экономиканың барлық саласында өсім бар. Президент өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Мемлекет басшысы бүгін де бірнеше нысандарды аралайды. Бұл жайында алдағы жаңалықтарымызда тарқатып айтатын боламыз.

Осы категория бойынша: « Елбасы Ақтөбе қаласының одан әрі дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары аяқталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы