364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Финляндияға ресми сапармен барды

  • 179
  • UPD: 23:42, 16.10.2018
Елбасы Финляндияға ресми сапармен барды

Қазақстан Президенті «Nokia Corporation» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Сииласмаамен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Хельсинкиге келгеннен кейін фин телекоммуникация компаниясының басшысымен кездесті.

Мемлекет басшысы «Nokia» бренді әлемге телекоммуникация саласындағы жетістіктерімен кеңінен танымал екенін атап өтіп, Қазақстанда бұл компанияны сенімді серіктес ретінде білетінін айтты.

– «Nokia» комманиясы 2007 жылдан бастап біздің елмен ынтымақтасып келеді. Бүгінде компанияның тауар айналымы 20 миллиард АҚШ долларына жетті, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев компания басшысына Қазақстанның өндіріс үдерісіне автоматизация, роботизация және жасанды интеллект әдістерін енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыру міндетін қойып отырғанын айтып, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне ерекше тоқталды.

Ристо Сииласмаа Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесуге мүмкіндік туғызғаны  үшін ризашылық білдіріп, қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық орнатуға зор қызығушылық танытты.

– Сіз дүние жүзіне өте танымал әрі мемлекеттер басшыларының арасында технологиялық дамудың маңыздылығын түсінетін адамсыз. Сіздің цифрлық технологияларға зор мән беретініңізді білемін, – деді Ристо Сииласмаа.

Кездесу соңында тараптар байланыстың жаңа технологияларын, соның ішінде экономика салаларын цифрландыру және инновациялық экожүйені дамыту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру барысында 5G стандартын енгізу мәселелерін талқылады.

Ақпарат көзі: Ақорданың баспасөз қызметі

Осы категория бойынша: « Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары аяқталды Қазақстан Президенті фин компанияларын АХҚО жұмысына атсалысуға шақырды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы