371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Финляндияда Саули Ниинистёмен шағын құрамда кездесу өткізіп жатыр

  • 280
  • UPD: 13:52, 17.10.2018
Елбасы Финляндияда Саули Ниинистёмен шағын құрамда кездесу өткізіп жатыр

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын құрамда кездесу өткізуде. Кездесу Финляндия басшысының жұмыс резиденциясында өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми сапармен келген Қазақстан Президентін Финляндия басшысының резиденциясы алдында қарсы алу салтанатты шарасы тура 10 минутқа созылды. Алдымен резиденция қақпасының сыртына мәртебелі меймандарды қарсы алатын Құрметті қарауыл сап түзеді. Сәлден кейін Елбасы мінген көлік резиденция қақпасының алдына келіп тоқтап, Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алуға Саули Ниинистё шықты. Президенттер қызыл кілем үстімен резиденция қоршауына кірген соң ғимарат есігінің алдында естелік суретке түсті. Осыдан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Келесі кезекте Финляндия басшысы Қазақстан Президентіне өз елінің Үкімет мүшелерін таныстырды. Мұнан кейін қос мемлекет басшылары Құрметті қарауылға ізет көрсетті. Бұдан әрі Қазақстан делегациясы мүшелерімен танысу шарасы өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев фин Президентінің жұмыс резиденциясына кіргеннен кейін алдымен, құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырып, Сары бөлмеде салтанатты қабылдау шарасына қатысты, Саули Ниинистёмен бірге ресми түрде суретке түсті.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Финляндия Президенттері шағын құрамда кездесу өткізіп жатыр. Одан кейін болатын кеңейтілген құрамдағы кездесу барысында бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.

 

Осы категория бойынша: « Қазақстан Президенті фин компанияларын АХҚО жұмысына атсалысуға шақырды Мемлекет басшысы Финляндияға ресми сапарының нәтижесі бойынша БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы