364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы бельгиялық бизнес өкілдермен кездесті

  • 248
  • UPD: 21:34, 18.10.2018
Елбасы бельгиялық бизнес өкілдермен кездесті akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық сауда орталықтары қауымдастығы (WTCA) басқармасы төрағасының орынбасары Рольф Драакпен және «Nest Investments HOLDINGS» компаниялар тобының корпоративтік қызметтер жөніндегі директоры Мехран Эфтехармен кездесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында тараптар Қауымдастық пен «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын, соның ішінде Қазақстанға әлемнің ірі корпорациялары мен қаржы институттарын тарту, еліміздің халықаралық іскерлік белсенділік орталығы ретіндегі рөлін арттыру, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» көрмесінің ғимараттар кешенін көрмеден кейінгі кезеңде пайдалану мәселелерін талқылады.

Халықаралық сауда орталықтарының қауымдастығы (WTCA) – жаһандық сауда мен инвестицияны дамытуға ықпал ететін халықаралық саяси емес ұйым. Дүниежүзілік сауда орталықтары өзара бір желі арқылы байланысқан және онда дәстүрге сай «Eni», «Лукойл», «Panasonic», «J.P. Morgan», «Bank of New York» және әлемнің басқа да ірі корпорацияларының офистері орналасқан.

Кездесу Брюссель қаласында Қазақстан – Еуропа бизнес-форумы алаңында өтті.

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы Еуропалық іскерлік топ өкілдерімен кездесті Елбасы Франция президенті Эмманюэль Макронмен кездесті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы