369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Франция президенті Эмманюэль Макронмен кездесті

  • 423
  • UPD: 11:09, 19.10.2018

ПРЕЗИДЕНТ ASEM ФОРУМЫНЫҢ 12-САММИТІНЕ ҚАТЫСАДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ASEM форумының 12-саммитінің ашылу салтанатына келді. АСЕМ – Еуропа мен Азияны байланыстыратын басты алаң.

Қазанның 18-19 күндері Еуропалық Одақ «Жаһандық сын-қатерлермен күресуде жаһандық әріптестер» атты 12-ші АСЕМ саммитіне төрағалық етеді. Бұл биыл Еуропада өткізілетін ең ауқымды саммит. Азия-Еуропа қатынастарының күнтізбесіндегі маңызды оқиғаның бірі. 51 мемлекеттің президенттері пен премьер-министрлері жаһандық сын-қатерлерге қатысты өзара пікір алмасады.

Н.НАЗАРБАЕВ ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ

Саммит аясында Елбасы Франция Президенті Эмманюэль Макронмен жүздесті. Екіжақты кездесуде Қазақстан мен Франция арасындағы сауда-экономикалық байланыстар, білім және ғылым саласындағы әріптестік жайы сөз болды.

Айта кетейік, бұл Елбасының Франция президенті Эмманюэль Макронмен алғаш рет кездесуі. Соған қарамастан екіжақты кездесу бір сағатқа созылды. Әңгіме өзара сенім мен әріптестік, достық тұрғысында өрбіді.  Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соңында әріптесін Астанаға ресми сапарлап келуге шақырды.

Эмманюэль Макрон, Франция президенті:

- Құрметті Президент, Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын. Осыған дейін өзіңіз француз елінің президенттерімен бірнеше рет кездескенсіз. Билік тізгінін қолға алғалы бірінші рет Сізбен жолығып отырмын. Стратегиялық әріптестіктің көкжиегін кеңейтуге қатысты ой алмасамыз. Оның ішінде бірнеше мәселеге қатысты Сіздің пікіріңізді білу маңызды.

Осы категория бойынша: « Елбасы бельгиялық бизнес өкілдермен кездесті Мемлекет басшысы Бельгиядағы саммитте баяндама жасайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы