365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Бельгиядағы саммитте баяндама жасайды

  • 301
  • UPD: 13:40, 19.10.2018

Брюссельде Азия-Еуропа форумы басталды. Екі жылда бір рет өткізілетін халықаралық шараның маңызы зор. Қос құрлықтағы елдер тегіс бір үстел басына жиналып, жаһандық мәселелерді талқылайды.

Форумының XII саммиті аясында кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Франция Президентімен екі жақты кездесу өткізгені белгілі. Саммитте қандай тақырыптар қаузалмақ?

Әсем Қабылбек, тілші:

- Брюссельде қазір таңғы сағат 9. Еуропа астанасы соңғы бірер күнде әлем назарын өзіне аударып отыр. Мұнда Азия-Еуропа форумының XII саммиті басталды. Сары және кәріқұрлық арасындағы ынтымақтастықты арттыратын жиынға Қазақстан да қатысады. Күні кеше саммит алаңында Елбасы Франция Президенті Эмманюэль Макронмен кездесті. Ал бүгін жиынның пленарлық отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Азия мемлекеттерінің арасынан баяндама жасайды деп жоспарланып отыр. Шараның басты тақырыбы: «Жаһандық сын-қатерлермен күресуде жаһандық әріптестер» деп аталады. Кеше шараның ресми ашылуы өтті. Биыл Еуропалық одақ осы жиынға төрағалық етеді. Сондықтан саммит Еуропалық комиссияның ғимаратында өтіп жатыр. Мұнда жиыннан шартарапқа хабар тарататын бұқаралық ақпарат құрал өкілдері көп. Қауіпсіздік шаралары жерде де, әуеде де барынша күшейтілген.

- Жалпы Азия елдері саммиттен не күтеді?

- 22 жылдық тарихы бар саммиттен әр елдің күтері көп. Ол сөзсіз. Саммит алдында Еуродаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлері Еуропа мен Азияның өзара ықпалдастығы бойынша жаңа стратегия қабылдады. Құжат түрлі саланы қамтып отыр. Оны 51 елдің президенттері мен премьер-министрлері талқыламақ.

Осы категория бойынша: « Елбасы Франция президенті Эмманюэль Макронмен кездесті Елбасы Бельгиядағы саммит аясында шетелдік басшылармен кездесті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы