364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесті

  • 411
  • UPD: 17:33, 19.10.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Азия-Еуропа форумының ХІІ саммиті аясында Еурокомиссия жетекшісі Жан-Клод Юнкермен жүздесті.

Екіжақты кездесуде Елбасы Азия-Еуропа форумының кезекті шарасына жоғары бағасын беріп, жиынның ұйымдастырылуы жоғары деңгейде екенін атап өтті. Өз кезегінде Жан-Клод Юнкер Қазақстанның Азиядағы рөліне тоқталды. Тараптар қауіпсіздік және күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың Еуроодаққа мүше елдермен интеграциялық байланыстары сөз болды.

Жан-Клод Юнкер, Еурокомиссия жетекшісі:

- Сізбен кездескеніме өте қуаныштымын. Көптен бері көріспеп едік. Мен Қазақстанда 2008 жылы болдым. Сол кездегі сапарым есімде және сіздің тұрақтылық туралы айтқандарыңызды әлі ұмытқан жоқпын.

Елбасы Азия және Еуропа форумының алаңында бірнеше елдің көшбасшыларымен жүздесті. Олар: Жапония Президенті Синдзо Абэ және Оңтүстік Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин. Тараптар кездесу барысында күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерді талқылап, Корей түбегіндегі жағдайды реттеу бойынша пікір алмасты.

Форум аясында Нұрсұлтан Назарбаев белді саясаткерлермен де жүздесті. Қытай Халық Республикасы мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ли Кэцянмен, Ресей және Италия елдерінің үкімет басшылары Дмитрий Медведев және Джузеппе Контемен кездесті.

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммитіне қатысты Нұрсұлтан Назарбаев: Ірі державалар адамзат алдындағы жауапкершілікті сезінуі тиіс »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы