365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдау: «7-20-25» бойынша мұғалімдер мен дәрігерлерге бастапқы жарна төмендейді

  • 576
  • UPD: 11:27, 24.10.2018
Жолдау: «7-20-25» бойынша мұғалімдер мен дәрігерлерге бастапқы жарна төмендейді Kapital.kz

Елбасының Жолдауын жүзеге асыру аясында педагогтар мен дәрігерлерге және полицейлерге «7-20-25» бағдарламасы бойынша бастапқы жарна төмендетіледі.

Бұл туралы «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген нақты тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында, білікті ұстаздар, дәрігерлер, полиция қызметкерлері және өңірге қажет басқа да мамандық иелеріне «7-20-25» бағдарламасының бастапқы жарнасын төмендету бойынша жұмыстар басталды. Қазіргі таңда Шымкент қаласы, Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен тиісті меморандумдарға қол қойылды», - деді Қайрат Алтынбеков Парламент Сенатының депутаттарымен өткен кездесуде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қайрат Алтынбеков Сенат депутаттарына «7-20-25» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын баяндады.

Оның атап өтуінше, бағдарламаға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Сбербанк қатысуы мүмкін.

Осы категория бойынша: « «Хабар» Агенттігінің құрылғанына 23 жыл толды «7-20-25»: Ипотека алғандардың 60%-ы айына 100 мың теңгеден кем төлейді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы