389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«7-20-25»: Ипотека алғандардың 60%-ы айына 100 мың теңгеден кем төлейді

  • 628
  • UPD: 11:39, 24.10.2018
«7-20-25»: Ипотека алғандардың 60%-ы айына 100 мың теңгеден кем төлейді astana.gov.kz

«7-20-25» бағдарламасы арқылы ипотека алғандардың басым көпшілігінің төлемі айына 100 мың теңгеге жетпейді, деп хабарлайды  Elorda.info «Баспана» ипотекалық ұйымына сілтеме жасап.

«Баспана» ипотекалық ұйымы мамандар есебінше займ алушылардың 60% ай сайын 100 мың теңгеден кем сома төлейді.

Бұл ретте «7-20-25» бағдарламасы бойынша займ алушылардың 6% ғана ең жоғары соманы несиеге алған (Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларында 20 млн теңге, басқа аймақтарда 12 млн). Займ басым бөлігі, ал бұл жалпы портфельдің 37%, 10-нан 15 миллион теңгеге дейінгі сомада несие рәсімдеген.

«Бағдарлама өзінің әлеуметтік бағдарын толықтай растады. Алайда «7-20-25» ең алдымен мерзімділік, төлем қабілеттілік және қайтарым принциптеріне негізделген ипотека екендігін ұмытпауымыз керек. Ол банк алдында өзінің төлем қабілетін дәлелдеген, жұмыс істейтін қазақстандыққа қолжетімді», - деді «Баспана» ипотекалық ұйымы басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

24 қазан күнгі жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасы бойынша бір де бір қайтарылмаған қарыз жоқ. Қазақстандықтар жалпы жиныны 44,5 млрд теңгенің несиесіне өтініш берген. Банктер оның ішінен сомасы 30 млрд теңге болатын 2 513 өтінімді мақұлдаған.

Хабар 24 телеарнасы