365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Сағынтаев Алматы облысына жұмыс сапары аясында «Қорғас» құрғақ портына барды

  • 268
  • UPD: 23:25, 26.10.2018

Мемлекет басшысының тапсырмасымен бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Алматы облысында болып, Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Үкімет басшысы Қытаймен шекарадағы «Нұр жолы» автокөлік өткізу пункті мен «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығына арнайы барды. Келешекте 100 мың адам қоныстанатын «Нұркент» қалашығының бас жоспарымен де танысты. Ал облыс орталығында жұртшылықпен кездесіп, білім, денсаулық, шағын және орта бизнес саласындағы қызметтің сапасын көтеру жайын талқылады.

Бюджеттік мекеме қызметкерлері Елбасының биылғы халыққа арнаған жолдауын қызу қолдап отыр. Талдықорған қаласында медицина мамандарымен өткен кездесуде дәрігерлер мен медбикелердің жалақысын көбейту жайы және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру жайы сөз болды. Үш жылдың бедерінде Елбасы жолдауын іске асыруға 1 триллион 750 млрд теңге бағытталады. Учаскелік дәрігерлер мен медбикелердің айлығы екі жылда 20 пайызға көбейтіледі. Бұл дегеніңіз 10 мың учаскелік дәрігермен 30 мың мебдике. Облыс бойынша 3 жарым мыңнан астам дәрігермен медбикелердің айлық жалақысы көтеріледі. Ұстаздар және жергілікті мектептердің ата аналар кеңесімен кездескен Премьер министр білім саласының дамуына аса назар аударды. Білім беру сапасын жоғарлату, жаңа мектептер құрылысы педагогтардың мәртебесін көтеру және балалардың қауіпсізігі жайындағы мәселелерді талқылады. Педагогтардың айтуынша аталған мәлелелерге кешенді түрде көңіл бөлінсе бәріде шешімін табады.

Қанат Жақсыбаев, мұғалім:

- Мұғалімдер статусы келесі жылдан бастап қабылданады. Бұл деген көптеген шешілмей жүрген проблемалы мәселелерді шешуге үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын.

Мемлекет басшысының бастамасы негізінде қызметкерлер жалақысын көтеруді бизнес өкілдері құптап отыр. Шағын және орта бизнестегі іскерлермен кездесу барысында кәсіпкерлікті өркендету, өңдеу өнеркәсібі мен экспорттық әлеуетті арттыру жайы талқыланды. Бақытжан Сағынтаев Президент тапсырмасына сәйкес "салық амнистиясы" жүргізілетіндігі айтылды. Оған қоса кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау аясында әкімшілік кедергілерді азайту тұрғысында жүйелі жұмыстар атқарылады. Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасының жетекшілері өз кезегінде аудан-ауылды аралап, жергілікті кәсіпкерлерге өз құзырындағы мамандардың еңбекқасын көтерудің қаншалықты маңыщзды екендігін түсіндіретіндерін айтты.

Римма Салықова, кәсіпкер:

- Біздің кәсіпорында 160-қа жуық адам еңбек етеді. біз олардың жалақысын биыл 50 пайызға көтердік. Елбасы бастамасынан кейін енді тағы 15 пайызға өсіруіді жоспарлап отырмыз. 

Зәкіржан Кузиев, кәсіпкер:

- Біздің кәсіпорындарда тек Алматы облысында 1200 адам еңбек етеді. Орташа жалақысы 114 мың теңге. Төменгі айлық 68 мың теңге. Бұл негізінен ауылдық жердегі көрсетккіш. Бұл жаман көрсеткіш емес деп есептеймін. Біз Елбасының бастамасын қолдаймыз.  Осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап біздің кәсіпорындардағы мамандардың жалақысын 11 пайызға өсіреміз.  

Бақытжан Сағынтаев Қытаймен шекарадағы «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығындағы нысандарды аралады. «Нұр жолы» автокөлік өткізу пунктін көрді. Оның тәуліктік өткізу мүмкіндігі 2,5 мың көліктен асады. Мұндағы жабдықтар жүк көліктерін өткізудің уақытын 40 минутқа дейін қысқартады. Бұл жерді «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің бас қақпасы деп атайды. Оның тәуліктік өткізу мүмкіндігі 2,5 мың көліктен асады.   Сарапшылардың айтуынша, мұндай нысанның пайда болуы біздің елдің тек Қытаймен емес, дүние жүзінің басқа да елдерімен сауда-экономикалық байланыстарын нығайтуға жол ашады.  Үкімет басшысы «Нұркент» қалашығының бас жоспарымен де танысты. Келешекте мұнда 2035 жылоға қарай 100 мыңдай адам тұратын болады.

Авторлары: Тілеуқабыл Мыңжасар, Қуаныш Түргенбаев, Олжас Байбосынов

Осы категория бойынша: « Парламент 2020 жылға дейінгі бюджетті бекітті Астанада Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы