367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Н.Ермекбаевты қабылдады

  • 278
  • UPD: 21:18, 29.10.2018

Қазақстан қарулы күштерінің бітімгерлік ротасы Ливанға аттанады. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.

Кездесуде Қарулы күштердің қазіргі ахуалы мен оны одан әрі дамыту жолдары талқыланды. Сондай-ақ жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру, қару-жарақпен қамтамасыз ету және әскери қызметшілерді баспанамен қамту мәселелеріне баса мән берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті:

- Барлығын көрген шығарсың, білген шығарсың жағдайды. Ал баяндау үшін шақырып отыр. Қандай баға қойып, жаңа көзбен қарап бағалап, қандай мәселелер бар?

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

- Құрметті Жоғарғы Бас қолбасшы мырза! Қазіргі таңда Қорғаныс министрлігі сіз бекітіп берген Қарулы күштердің дамуы тұжырымдамасы бойынша және жоспары бойынша жауынгерлік дайындығын көтеруге, қарулы күштерді тиісті әскери көлікпен, қару-жарақпен қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған тиісті бірқатар іс-шараларды іске асырып жатыр. Жалпы қазіргі таңда ҚР Қарулы күштері еліміздің тәуелсіздігін аймақтық тұтастығын қамтамасыз етуге дайын. 

Айта кетейік, Таяу Шығыс мемлекеті Ливанды лаңкестіктің салдарынан 2011-2017 жылдар аралығында соғыс оты шарпыған болатын. Енді ондағы тұрақтылықтың сақталып, бейбіт өмірдің орнауына қазақ жауынгерлері септігін тигізеді. 

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

- Бүгінгі Елбасының қабылдауында ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысына Қарулы күштердің дамуы және қару-жарақпен, әскери көлікпен қамтамасыз ету жөнінде баяндадым. Баяндама барысында Жоғарғы бас қолбасшының тиісті тапсырмалары мен нұсқауларын қабылдадым. Бұл тапсырмалардың ішінде әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, тамақтандыру, қару-жарақпен қамтамасыз ету, жауынгерлік даярлығын көтеру жөнінде әңгіме болды. Әңгіме барысында Елбасы бітімгерлік іс-әрекетін нығайту және белсендіру туралы тапсырма берді. Осыған байланысты Қазақстан бітімгерлік ротасының Ливанға баруға дайын екенін айтып кеттім. Қазақстанның бітімгерлік ротасы осы қазан айының соңында таңертең БҰҰ-ның әскери ұшағымен Ливанға аттанайын деп отыр. Осыған орай Қазақстан қарулы күштері халықаралық іс-әрекеттерді дамытып, бітімгерлік ролін күшейтуге дайын.

Осы категория бойынша: « Елбасы бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды Елбасы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы