369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Экономиканың мұнайға тәуелділік деңгейі төмендеді - Т.Сүлейменов

  • 128
  • UPD: 14:23, 31.10.2018
Экономиканың мұнайға тәуелділік деңгейі төмендеді - Т.Сүлейменов

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов еліміздің 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Болжам 2017 жылғы жалпы ішкі өнімнің есептік статистикалық деректері мен экономика салаларының осы жылдың 7 айының қорытындылары және әлемдік тауар нарықтарындағы жағдайы негізінде жасалды. 2019 жылы мұнай бағасы Әлемдік қаржы ұйымдарының консенсус-болжамы бір баррельге 66,7 АҚШ долларын құрайды. Осыны ескере отырып, базалық сценарийде мұнайдың бағасы 60 АҚШ доллары алынды», - деп тоқталды Т. Сүлейменов.

Министрдің атап өтуінше, Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2019 жылы 3,9 пайызды, ал 2023 жылы 4,6 пайызға дейін болжанады. ЖІӨ-нің орташа жылдық өсуі алдағы болжанатын кезеңде 4,2 пайызды құрайды.

«2019 жылы номиналды жалпы ішкі өнім 64,1 триллион теңгеден 2023 жылы 86,9 триллион теңгеге дейін өседі. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2019 жылы 9,9 мың АҚШ долларын құрап, 2023 жылы ол 12,9 мың АҚШ долларына дейін ұлғаяды», - деп нақтылады ведомство басшысы.

Орта мерзімді перспективада экономика өсімінің негізгі факторлары өңдеу және агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс индустрия, көлік-логистика салалары және сервистік экономика болады. Белгілі болғанда, мұнай өндіру көлемі 2019 жылғы 88 миллион тоннадан 2023 жылы 99 миллион тоннаға дейін өседі.

«Экспорт көлемі 2019 жылы 56,5 миллиард АҚШ долларын құрайды. 2023 жылы 68,5 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғаяды. Импорт 2019 жылы 34,8 миллиард АҚШ долларынан 2023 жылы 41,9 миллиард АҚШ долларына дейін өседі», - деді ол.

Таратылған мәліметтерге қарғанда, республикалық бюджет кірісі (трансферттерді қоспағанда) 2019 жылы 6 трл 810 миллиард теңге, 2020 жылы - 7 трлн 382 миллиард теңге, 2021 жылы - 8 трлн 25 миллиард тенге көлемінде болжануда. Атап айтқанда, 2019 жылы бюджет тапшылығы 2018 жылдың деңгейінде, жалпы ішкі өнімге қарағанда 1,5 пайызға жоспарланған. Ал 2020 жылы 1,4 пайызға және 2021 жылы 1,3 пайызға дейін төмендейді. Сонымен қатар, республикалық бюджет шығыстарының болжамы 2019 жылы 10 трлн 697 миллиард теңге, 2020 жылы - 11 трлн 81 миллиард теңге, 2021 жылы 11 трлн 428 миллиард теңге көлемінде айқындалды. Осыған дейін базалық ставканың жаңа деңгейі теңге активтеріне сұранысты арттыратындығы айтылды.

Сондай-ақ Тимур Сүлейменов Қазақстан экономикасының мұнай өндіру мен өзге де пайдалы қазбаларға тәуелділігі қаншалықты төмендегені туралы айтты.

«Экономиканы әртараптандыруға байланысты соңғы 5 жылда ауқымды жұмыстар іске асырылды. Бұл тұрғыда статистикаға сүйенсек тікелей нәтижені байқауға болады. Яғни ол жалпы ішкі өнім құрылымында өндіру өнеркәсібі саласы үлесінің төмендеуіне қатысты. Бес жылда оның деңгейі 19,5-20 пайызға жетті. Егер де мұнай өндіру мен қатты пайдалы қазбаларды өндіруге тоқталсақ, бүгінде оның үлесі 11,5-12 пайызды құрады. Атап айтқанда, оның деңгейі мен осы салалардағы өзгерістерге қатысты біздің экономиканың тәуелділігі төмендеді. Әсіресе мұнай мен металл бағасына тәуелділік азайды», - деді Тимур Сүлейменов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.

Министрдің атап өтуінше, өңдеуші өнеркәсіптің үлесі де 11,5-12 пайыз аралығында ауытқып тұруына қатысты тиісті мәселелер бар.

«Дегенмен де біз көптеген өзге де экономикалар секілді сервистік экономиканың өсіміне сеніп отырмыз. Осы кезеңде бізде сервистік экономика 5 пайызға артты. Бұл тұрғыда көлік және логистика саласында елеулі өсімді байқадық. Егер де бұған дейін экономиканың құрылымында оның деңгейі 6 пайыз болса, қазіргі кезде 9 пайызға жетіп қалды», - деді Тимур Сүлейменов.

 

Осы категория бойынша: « Елбасы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады Мәжіліс 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы