368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Сауд Арабиясы Корольдігінің ішкі істер министрімен кездесті

  • 297
  • UPD: 15:32, 01.11.2018

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифпен кездесті.

Елбасы алдымен араб үкіметі өкілінің екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ «Сауд Арабиясы Қазақстанның ислам әлеміндегі сенімді серіктесі»,- деді. Өз кезегінде мәртебелі мейман Президентпен кездескеніне алғысын білдіріп, Сауд Арабиясы жоғарғы басшылығының тапсырмасы бойынша Астанаға арнайы келіп отырғанын айтты. Еске салайық, Президент бұған дейін король Салман және тақ мұрагерін елімізге шақырған болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Сапарыңыз ойдағыдай болады деп сенемін. Хабарласып, елдеріңіздегі ахуалды біліп, біздің жағдайды біліп, екі елдің арасындағы қарым-қатынасты одан әрі өркендетуге көп үлес қосып жүрсіз. Сауд Арабиясы – біздің сенімді әріптесіміз. Экономика, саяси жағынан қарым-қатынасымызды одан әрі жоғарылатуға біз мүдделіміз. Сондықтан Король Салман мырзаны және тақ мұрагерін Қазақстанға шақырғанмын. Саяси қарым-қатынасымыз жақсы. Сондықтан келген сапарыңыздағы мақсаттардың орындалуы үшін барлығын жасаймыз. Мен сізді тыңдауға дайынмын.

Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наиф, Сауд Арабиясы корольдігінің ішкі істер министрі:

– Жоғары мәртебелі Президент мырза! Менімен арнайы кездескеніңіз үшін алғыс білдіремін және Король Салман мен тақ мұрагерінің сәлемін жеткізгім келеді. Солардың тапсырмасы бойынша осында келіп отырмын.

Осы категория бойынша: « Қазақстанда мемлекеттік елтаңбаның жаңартылған нұсқасы енгізілді Елбасы халық артисі Ә.Дінішевті қабылдады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы