371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы халық артисі Ә.Дінішевті қабылдады

  • 365
  • UPD: 21:16, 01.11.2018

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық артисі Әлібек Дінішевті қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев өнер майталманының қазақ мәдениетін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

 Президент Әлібек Дінішевтің тәуелсіз мемлекет пен Астананы қалыптастыруға қосқан еңбегін ерекше атап өтті және «Астана Опера» театрында елорданың 20 жылдығына арнап ұйымдастырған концертінің сәтті өтуімен құттықтады. Әлібек Дінішев өз кезегінде мәдениет саласына мемлекет тарапынан көрсетілетіп жатқан қолдау мен Президенттің жүргізіп отырған саясатына алғысын білдірді. 

Әлібек Дінішев, ҚР Халық артисі:

- Астананың мерейтойын тойлауға өз үлесімді қосуды міндет деп білемін. Мен сізбен бірге егеменді еліміздегі мәдениет саласын қалыптастыру ісінің бастауында тұрғаныма мақтанамын. Осы жолда көптеген қиындықтар еңсерілді. Қазіргі ахуал түбегейлі өзгеріп, театрларымызда жайлы жағдайлар жасалды. Айқын мысал ретінде «Астана Операны» айтсақ болады. Оның сахнасында өнер көрсету - үлкен қуаныш. 

Әлібек Дінішев, ҚР Халық артисі:

- Өз өнеріммен халықты қуанта беруге тырысып келемін. Сіз маған былтыр Астанада концерт өткізуім қажеттігін айтқан болатынбыз. Қазір сол мүмкіндік туып отыр.

Осы категория бойынша: « Елбасы Сауд Арабиясы Корольдігінің ішкі істер министрімен кездесті Мемлекет басшысы Ресей үкіметінің Төрағасы Д.Медведевпен кездесті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы