364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы ТМД Үкімет басшылары кеңесі мүшелерімен кездесу өткізді

  • 252
  • UPD: 18:03, 02.11.2018

Мемлекет басшысы ТМД Үкімет басшылары кеңесі мүшелерімен кездесу өткізді.

ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесінде көтерілген бастамаларды іске асыру үшін нақты шаралар кешенін әзірлеу қажет. Бүгін Елбасы халықаралық ұйымға мүше елдердің Үкімет басшыларымен кездесуінде осылай деп мәлімдеді. Президент делегация өкілдерінің бұл жолғы басқосуы мемлекеттер арасындағы тұрақты әрі достық қарым-қатынасты нығайта түсетінін айтты. Сондай-ақ сауда-экономикалық байланысты дамытудың маңыздылығына тоқталды. Жалпы ширек ғасырдан астам уақыт ішінде ТМД толыққанды ұйым ретінде қалыптасты. Сол арқылы әр елдің егемендігі нығайып, тарихи тамырластығы сақталды. Қазір ТМД-ға мүше елдердің өзара сауда айналымы 160 миллиард доллардан асады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Я сердечно вас приветствую. За более чем четверть века СНГ состоялось как полноценная организация, которая позволила сохранить исторические узы между нашими народами и способствовала укреплению суверенитета каждой страны. Сегодня взаимодействие в рамках Содружества стало еще более значимым. Взаимная торговля внутри СНГ продолжает расти. В прошлом году объем товарооборота составил 164 миллиарда долларов США, увеличившись на 25%. Подобная тенденция продолжается и в этом году.

Елбасы сондай-ақ ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің былтырғы отырысында көтерілген мәселелерге тоқталды. Өткен жылғы жиын қорытындысында ұйым жұмысын жаңғырту және тиімділігін арттыру сынды бастамалар қолға алынған болатын. Ал экономикалық байланысты кеңейту үшін еркін қызмет саудасы жөніндегі келісім жобаларын жедел жүзеге асыру көзделген. Ал биыл Душанбеде өткен отырыста сауда-саттық кедергілерін жою мен көлік-логистикасы, туризм, ғарыш сынды салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері күн тәртібіне шығарылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Перспективы дальнейшего развития СНГ. Мы рассмотрели вопросы укрепления нашей организации. Это включает продвижение процесса ее модернизации, направленного на повышение эффективности работы и адаптации к современным реалиям. Для расширения экономической кооперации в рамках Содружества была отмечена необходимость актуализации Стратегии экономического развития и ускорения принятых проектов Соглашения о свободной торговле услугами стран СНГ.

Дмитрий Медведев, РФ Үкіметінің төрағасы:

– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы Астанада ТМД мемлекеттері Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатқанына және айрықша қонақжайлық көрсеткеніңізге алғыс білдіремін. Біз сізбен ТМД-ның барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін талқыладық. Бұл ұйым – жан-жақты дамуға жол ашатын бірегей алаң. Оның үстіне, мүше мемлекеттердің тарихи тамыры бір. Мұның барлығын тиімді пайдалана білуіміз керек. Қазір бізде еркін сауда-саттық жасасуға мүмкіндік беретін келісім бар. Сол арқылы өзара алыс-берісіміз артып келеді. Биылғы бірінші жартыжылдықта көрсеткіш 15 пайызға өсті. Енді өзара қызмет көрсету және инвестицияға қатысты келісімдер жасауымыз керек. Күн тәртібіндегі мәселелерге тиісті шешім табамыз деп ойлаймын.

 

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы Ресей үкіметінің Төрағасы Д.Медведевпен кездесті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа қолжетімді әуе компаниясын құруды тапсырды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы