364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дәурен Абаев: Қазақстан Азия мен Еуропа технологиялық орталықтарының арасында алтын көпірге айналады

  • 193
  • UPD: 14:05, 05.11.2018

Digital Bridge, яғни «Цифрлық көпір» халықаралық инновациялық форумында бірқатар айрықша шара өткізу жоспарланып отыр.

Мәселен, цифрландыру және стартап-индустрия салаларында тұңғыш рет сыйақы тағайындау, сондай-ақ «Еуразиядағы 100 үздік стартап» байқауы сынды жобалар қарастырылған. Форум барысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев елде атқарылып жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мән-маңызына тоқталды. Оның айтуынша, осы арқылы Қазақстанның кәрі құрлық пен сары құрлық арасын жалғайтын «Цифрлық көпірге» айналуына толық мүмкіндігі бар.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

- Биылғы жыл Қазақстан үшін айтулы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бүгінде бұл – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Бағдар экономиканы жаңғыртуға және елдің әр өңірінде жаңа технологиялық тұғыр қалауға мүмкіндік береді. Дәл қазір ұлттық инновациялық экожүйе қалыптастыру бойынша алғашқы қадам жасалмақ. Ал ертең Елбасы «Астана Хаб» халықаралық ІТ-стартаптар технологиялық саябағы жұмысының басталуын ресми түрде жариялайды. Қазақстан Республикасының заманауи технологиялық дамуының жаңа бастау нүктесі болмақ. Ұлы Жібек жолының құқықтық мұрагерлері ретінде біз көліктік күре жолдардың тоғыстырып қана қоймай, Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық көпірге айналуды көздейміз.

Осы категория бойынша: « Елордада Digital Bridge халықаралық инновациялық форумы басталды Бақытжан Сағынтаев: Digital Bridge үлкен байланыстар жасалатын алаңға айналады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы