367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бақытжан Сағынтаев: Digital Bridge үлкен байланыстар жасалатын алаңға айналады

  • 170
  • UPD: 15:29, 05.11.2018
Бақытжан Сағынтаев: Digital Bridge үлкен байланыстар жасалатын алаңға айналады inform.kz

«Digital Bridge» үлкен байланыстар жасалатын алаңға айналады. Бұл туралы бүгін «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бүгінгі шараны өткізудегі басты мақсат - Астана алаңында Еуропа мен Азияның арасын жалғайтын виртуалды көпір құру. 

Премьер-Министр халықаралық форумға көптеген компанияның келгендігін және олардың бір-бірімен байланыс орната бастағандығын атап өтті.  Сонымен қатар, оның негізгі мақсат екендігін де еске салды.

«Әлем жылдам өзгеруде және бүгінде байланыстар табу үшін бір-бірімізге жиі баруымыз қажет. Байланысты Интернеттің көмегімен де орнатуға, өзіңнің пікіріңмен бөлісуге мүмкіндік бар. Сондықтан, бұл форум болашақта өз жалғасын тауып, жыл сайын кеңейе түседі деп ойлаймыз. Бұл үлкен байланыстар жасалатын алаңға айналады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Осы категория бойынша: « Дәурен Абаев: Қазақстан Азия мен Еуропа технологиялық орталықтарының арасында алтын көпірге айналады Ақорда Елбасы қатысуымен өтетін іс-шаралар аңдатпасын жариялады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы