368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы «Astana Hub» IT стартаптар технопаркін ашты

  • 197
  • UPD: 15:26, 06.11.2018

Астана xаб ресми түрде өз жұмысын бастады. Халықаралық теxнопарк Елбасының пәрменімен іске қосылды.

Президент төртінші өнеркәсіптік революцияны іске асыру кезінде мұндай теxнопарктің құрылуы еліміз үшін маңызды шара екенін атап өтті. Сондай-ақ цифрландыру шараларының алғашқы нәтижесін де тілге тиек етті. Бүгінде тұрғындардың 75 пайызы электронды денсаулық паспортымен қамтылған. Кедендік рәсімдер толығымен электронды жүйеде рәсімделеді. Осылайша Қазақстан ТМД-да алғаш болып мемлекеттік қызметтерді цифрландыру ісін бастады. Бұл шаралар заман көшінен қалмас үшін қолға алынды. Осы ретте президент астана xабта стартап жобаларды іске асыруға қажетті мүмкіндік барын атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта ай-ти мамандарды дайындайтын университет ашылатынын жетізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Основная задача – оказать содействие и помочь умным, талантливым и способным ребятам. Мы всестороннее поддерживаем частные инициативы, школы программирования, спартакиады,  олимпиады по робототехнике и киберспорт. Сегодня уже есть молодые люди, которые самостоятельно вышли на международный рынок. Я думаю, мы вырастим талантливых представителей наших граждан, имена которых зазвучат также как и другие, всемирно известные имена. Важной составляющей реализации стартап идей является финансовая поддержка. Для этого мы создаем клуб бизнес-ангелов, Ассоциацию венчурных капиталистов, Фонд соинвестирования. Думаю, что и правительство, и  эти фонды будут активно поддерживать талантливых ребят.

Осы категория бойынша: « Елбасы мақаласы: Ұлы даланың жеті қыры Назарбаев: Бізге ІТ таланттардың жаңа буынын қалыптастыру керек »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы