365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Эстония Премьер-министрімен кездесті

  • 166
  • UPD: 22:00, 06.11.2018

Қазақстан мен Эстония осы цифрландыру және көлік-логистикалық саладағы ықпалдастығын арттырады.

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Эстония Премьер-министрі Юри Ратастың кездесуінде осындай бастама көтерілді. Эстония үкіметінің басшысы бұл бағытта бірлескен жобаларды жүзеге асыру және инвестициялық әріптестікті нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Елбасы құрметті қонаққа  Astana Hub ІТ-стартаптар халықаралық технологиялық паркінің ашылу рәсіміне арнайы келгені үшін алғыс білдірді. Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің өзара алыс-берісін арттыру қажеттігінің маңыздылығына тоқталып, елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды сөз етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Господин Премьер-министр, во-первых, я Вас благодарю, что вы сочли необходимым совершить к нам визит, участвовать в сегодняшнем мероприятий. Я знаю, что Эстония среди других государств как Литва, Латвия более продвинулась по электронному сервису. Сейчас, когда мы осуществляем программу «Цифровой Казахстан», Вы приехали вовремя и нам обмен опытом нужен. У нас низкие объемы взаимной торговли, 20 млн долларов даже не достигает, это неправильно. Межправительственная комиссия должна поработать и понять как можно поднять торговлю. Во-вторых, это транспортная коммуникация. У нас нет выхода к морю, за счет ЖД создали условия. Мы построили 4 тыс. первоклассных автодорог от Китайской до границы с РФ, два ЖД перехода. Каспий крупный порт, через Кавказ и Турцию попадаем в Европу. Кроме того, мы построили ЖД дорогу в Персидский залив, на юг тоже есть проезд. Ваши компании могут этим пользоваться. Всё к вашим услугам. Конечно, предприятия переработки в Эстонии хорошо развиты, в аграрном секторе мы можем поработать, товары народного потребления. Сфер много, надеюсь, с Правительством вы вчера говорили.

Юри Ратас, Эстония Республикасының Премьер-министрі:

- Құрметті Президент мырза! Біріншіден, бізге Қазақстанға келу мүмкіндігі бұйырғаны үшін алғыс білдіргім келеді. Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевпен сындарлы келіссөз жүргіздік. Сондай-ақ ЭКСПО қалашығын аралап, Назарбаев университетінде болдық. Жалпы, Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Астананың инфрақұрылымдық нысандарын көріп, елдеріңіздің қарқынды дамып келе жатқанына көз жеткіздім. Екіжақты қарым-қатынастың қазіргі аяқ алысына көңілім толады.

Осы категория бойынша: « Назарбаев: Бізге ІТ таланттардың жаңа буынын қалыптастыру керек Қазақстан Президенті: Астана стартап жобалардың отанына айналуы керек »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы