374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Президенті: Астана стартап жобалардың отанына айналуы керек

  • 165
  • UPD: 23:40, 06.11.2018

Астана тек халықаралық қаржы хабы болып қана қоймай, стартап жобалардың да отанына айналуы керек, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бүгін елордада ашылған халықаралық технопаркке осындай үлкен міндет артылып отыр. Ресми салтанатқа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, ондағы ІТ һәм инновациялық жобалармен жеке танысты.

Өнертапқыштар енді өз жобасын қолданысқа енгізу үшін ары-бері сандалмайды. Бар болғаны Astana Hub-тың ресми сайтында өтініш білдіріп, өнертабысын таныстырса болғаны. Егер сіз жасаған дүние шын мәнінде инновациялық туынды болса, онда технопарктің есігі айқара ашық. Ешқандай салық төлемейсіз. Кеңсе де сізге тегін беріледі. Қажет болса сарапшылардан кеңес алып, жобаңыздың жетіспей тұрған тұстарын дамытасыз. Иә, естіген жұртқа сенгісіз мұндай теңдессіз мүмкіндік Astana Hub технопаркінің қатысушыларына жасалған. Мұнда әзірге 146 жоба қойылған. Соның 80 пайызы – отандық ІТ мамандарының төл туындысы. Оның біразын Елбасы аралап көрді.

Бұл өнертабыстарға қызығушылық білдірген қалталылар аз емес. Қазірдің өзінде технопарк тың жобаларды қолданысқа енгізу үшін  инвесторлардан 28 млн теңге қаражат тартқан. Яғни технопарк зерттеу жүргізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, инновациялық жобаларды қолданысқа енгізуге көмектеседі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Важной составляющей реализации стартап-идеи является финансовая поддержка, конечно. Для этого мы создаем Клуб бизнес-ангелов, Ассоциацию венчурных капиталистов, Фонд соинвестирования. Я думаю, что и Правительство, и в целом эти фонды будут активно поддерживать талантливых ребят. Нашему бизнесу, крупным государственным компаниям и социальным объектам надо поддержать, заключить договоры с ребятами, для того чтобы коммерциализировать их работу. За этим Премьер-министр будет следить. Приглашаю всех бизнесменов в связи с этим принять участие в осуществлении данных инициатив. Я думаю, стоит специально их собрать, пригласить и дать соответствующие указания, чтобы они активно занимались.

Astana Hub-ты құрудағы басты мақсат осы стартаперлерді қолдау болатын. Игі бастама Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елбасы былтырғы жолдауында салынып жатқан ЕХРО ғимаратының бірін ІТ-стартаптар халықаралық технопаркіне айналдыруды тапсырды. Міне, көп күтпестен көзделген меже іске асты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Если бы не было ЭКСПО, не было бы этого здания. Я собирался поставить специально большой корпус, чтобы там развивать стартапы для наших молодых. Но теперь мы используем готовое здание после успешного проведения ЭКСПО-2017 в нашей стране. Теперь нам нужно создавать новую генерацию IT-талантов. Основная задача – оказать содействие и помочь умным, талантливым и способным ребятам. Мы всесторонне поддерживаем частные инициативы – школы программирования, спартакиады, олимпиады по робототехнике, киберспорт. В вузах обновлены учебные программы. Сегодня уже есть молодые люди, которые самостоятельно вышли на международный рынок. Я рад достижениям наших ребят, я думаю, это только начало. Как я посмотрел сегодня, у всех ребят, которые здесь приобрели лабораторию, занимаются стартапами, горят глаза. Я думаю, мы вырастим талантливых представителей наших граждан, имена которых зазвучат, как и другие всемирно известные сегодня имена.

Ал осындай білікті сала мамандарын көптеп дайындау үшін келер жылдың қыркүйек айында ЭКСПО-ның базасында ІТ-университет ашылады. Бұл ізденіске жаны құштар жастарға теңдессіз мүмкіндік болмақ. Әрі елімізде «Цифрлық Қазақстан» жобасы белсенді іске асып жатқанын ескерсек, инновациялық технологияларға сұраныс жоғары.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Третью модернизацию мы объявили сейчас с учётом новых веяний, новых технологий. Уже сегодня мы имеем первые результаты. Более 70% граждан имеют электронные паспорта здоровья. Но сегодня мне доложили, что больше – 75! Более 90% школ обеспечены цифровыми образовательными ресурсами. В сфере финансов 100% таможенных декларации оформляются в электронном формате. Это была для нас большой проблемой. Долгое оформление на границе. Оформление как на экспорт, так и на импорт, но эту проблему мы сейчас решили. В отраслях экономики ведётся комплексная работа по внедрению цифровых технологий, поэтапный переход предприятий к умному производству.

Астана ІТ-университетінде блокчейн, жасанды интеллект, робот техникасы сынды салаларда еңбек ететін мамандарды дайындайды. 

Динара Құлыбаева, Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қоғамдық қорының директоры:

- Астана ІТ-университеті «Цифрлық Қазақстан» жобасын іске асырудың флагманына айналады. Қазіргі таңда елімізде ақпараттық технологиялар саласында еңбек ететін білікті мамандар жетіспейді. Қазақстандық университеттер 11 мамандық бойынша білікті кадрлар дайындайды. Ал әлемде олардың саны 40-тан асады. Ал жаңа ІТ-университетінде 4 факультет ашу жоспарланып отыр.

Қазақстан ТМД мемлекеттерінің ішінде алғаш болып мемлекеттік қызмет түрлерін цифрландыру ісін бастап кетті. Бұл салада көш бастап тұрған Эстония Премьер-министрінің өзі біз қолға алған шараларға қызығушылығын жасыра алмады.

Юри Ратас, Эстония Премьер-министрі:

- Мен осы сапар аясында Қазақстандағы цифрландыру ісі өте жылдам жүріп жатқанын байқадым. Бұл ретте Астана – көпке үлгі боларлық қала. Мен үшін мұндай технологиясы дамыған қалада болу үлкен мәртебе. Қазақстан тікелей инвестиция тарта отырып, өз экономикасын жаңғыртудан өткізіп, әртараптандыру бағытында батыл қадам жасады. Ал «Қазақстан-2050» стратегиясы цифрландыру ісіне инвестиция тартуға серпін береді. Эстония да осыны көздеп отыр.

Цифрландырудың нәтижесінде халықты жұмыспен қамту мәселесі де оңтайлы шешіліп келеді. Электронды еңбек биржасы арқылы 2 аптаның ішінде екі қолға бір күрек табуға болады. Яғни бұрынғыдай 1 ай күтудің қажеті жоқ.

Асқар Жұмағалиев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- ТМД-да біз алғаш болып электронды еңбек биржасын іске қостық. Бұл сұраныс пен ұсыныстың бір жерге топтасқанын білдіреді. Сол арқылы биыл тұрғындарды жұмысқа орналастыру көрсеткішін 15 процентке арттыра алдық. Себебі, екі қолға бір күрек іздеген адамдар үшін уақыт жағынан ұтымды жағдай жасалды. Оның үстіне жұмысқа орналасу көрсеткішін 75 процентке жеткізіп отырмыз.

Технопаркте шетелдік стартаперлердің де жобалары баршылық. ТМД мемлекттерін есептемегенде, Франция мен АҚШ елдерінің ІТ-мамандары жасаған өнертабыстар қойылған. Әрине, олар үшін жеңілдетілген визасыз жүйе жұмыс істейді. Демек Astana Hub-тың халықаралық технопарк ретінде қалыптасуы әбден мүмкін. Бұл ретте стартап саласындағы білікті маман Боб Дорфтың пікірін ескерген жөн.

Боб Дорф, стартап академияның тәлімгері:

- Жаңадан Google немесе Facebook құрудың қажеті жоқ. Тек қолдау көрсетіп, инвесторлар стартаперлерді табуына жағдай жасау керек. Оларға тым көп салық салмай, өсуіне мүмкіндік беру қажет. Нәтижесінде олар жобаларын сәтті іске асырып, Қазақстанның табысты жастарының қатарына қосылады. 

Қазір ІТ-технопаркіне қатысушылардың жалпы саны 1200-ден асып отыр. Олар жасаған инновациялық жобалар түрлі салаларды қамтиды. Бірі киберқауіпсіздікке бағытталса, енді бірі өмірді жеңілдететін мобильді қосымшалар. Соның бірін «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен Назарбаев университетінің қызметкерлері жасаған.

«100 жаңа есім» жобасы арқылы танылған Санжар Мырзағалым да Astana Hub-тың қатысушысы. Мұнда оның өз шеберханасы бар.

Astana Hub-та қойылған әрбір жоба инновациялық. Туризм саласынан бастап бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытатын өнертабыстар. Басқаша болуы мүмкін емес. Себебі, Президент технопарктің алдына халықаралық деңгейдегі хабқа айналу міндетін жүктеп отыр.

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Жандос Битабар, Хасен Омарқұлов, Мереке Әбдірахманов

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы Эстония Премьер-министрімен кездесті Мемлекет басшысы қазақстандықтарды толғандыратын өзекті мәселелерді атады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы