365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы коммуналдық тарифтерді заңсыз өсірген монополистерді жазалауды талап етті

  • 360
  • UPD: 05:40, 08.11.2018

Тұрғындар 3 жыл бойы коммуналдық шығындардың негізделмеген тарифі үшін 29 млрд теңге төлеп келген. Ақордада Елбасы кеңес өткізіп, жиналғандардың әрқайсысын жеке-жеке тыңдады.

Бас прокуратураның әшкерелеген былықтарын сөз етті. Ал жиын соңында Энергетика және Ұлттық экономика министрлеріне қатаң ескерту жасады.

Әдетте жабық есік жағдайында өтетін Қауіпсіздік кеңесінің отырысы бүгін ақпарат құралдарына бастан аяқ ашық көрсетілді. Себебі қаралған мәселе мемлекеттік құпия емес, халықтың қалтасын қаққан қаражат.Тұрғындар  3 жыл бойы коммуналдық төлемдерге 2 есе жоғары тариф бойынша төлеп келген. Ашып айтсақ, жылу мен судың бағасы 2009 жылдан бастап қымбаттаған болатын. Мемлекет  тозығы жеткен құбырлар мен желілерді жөндеу үшін мұндай қадамға барды. Бірақ, тиісті бағдарлама 2015 жылы аяқталу керек еді. Алайда тариф бағасы төмендетілмей сол күйінше қалады. Бұл мәселені Президент бас прокуратураға тапсырма беріп анықтады.

Тексерістің қорытындысы көңіл көншітпейді. Энергия беруші компаниялар тұрғындарға 14 млрд теңгеге шығын келтірген. Ал энергиямен қамтамасыз ететін мекемелер 15 млрд теңге заңсыз табыс тапқан. Демек тұрғындар 29 млрд теңге негізсіз төлеп келген. Бүгінде бұл қаражаттың тең жартысынан астам кері қайтарылды.Қазір Бас прокуратура қалған сомманы өндіріп алу үшін шаралар қолданып жатыр.

Бұл ретте Елбасы жөнсіз қаржыны жымқырған мекемелерді жауапқа тартып, сотқа беру керек деді. 

Тариф құнын қымбаттатудың  нәтижесінде тозығы жеткен желілер мен газ құбырларының саны  80-нен  -53 пайызға азайды. Бірақ, бірқатар былықтың беті ашылды. Заңсыз табыс тапқан компаниялар анықталды.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Бас прокуроры:

- 2016 жылы бағдарлама аяқталған соңтарифтер төмендеген жоқ. Өндірушілер энергияны қазақстандықтарға 2 есе жоғарыбағамен тасымалдауды жалғастырды. Яғни, бұрынғы, жоғары тариф бойынша. Олардың15-ін ғана тексерудің нәтижесінде 51 миллиард теңге көлемінде артық пайда тапқаны анықталды. Өзіндік құны төмен энергия өндіретін кәсіпорындар құны жоғары өндірушілермен заңсыз біріккен. Осылай Энергетика министрлігі  Жаңа жол газ-турбиналық электр станциясына энергияны 2,5 есе сатуға рұқсат берген. Еуразиялықэнергокорпорация, Өскемен және ШҮлбі су электр станцияларында баға 2 есеқымбат. Ал Екібастұз-1 мемлекеттік аудандық электр станциясында 1,5 есе қымбат.Нәтижесінде, артық пайданың 3-тен екісі аталған компанияларға тиесілі. 

Ал осындай кәсіпорындарға тексеріс жүргізіп, құйтырқы әрекеттердің алдын алу керек болған  Табиғи монполияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті болса, бізде  мұндай құзірет жоқ деп ақталды.  Елбасы комитеттің қазіргі және бұрынғы төрағасын қатар тыңдап, құзырлы мекеменің жұмысын сынға алды.

Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

- Бұл жерде антимонополиялық органның құзыреті жоқ. Дәлірек айтқанда, тарифтерді реттеу саласын реттей алмай отырмыз. Мәселен, бір жылда 1200 табиғи монополия субъектісінің тек 60-ын ғана құқылымыз. Біздің мүмкіндіктер аясын кеңейту үшін құқық қорғау органдары құзыретімізді ұлғайту керек. Ен болмағанда, тексеріс жүргізу үшін бізге қолғабыс етсе деп тілейміз. 

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- 2013 жылы Үкімет Парламентке бизнеске әкімшілік қысымды төмендетін нормаларды тиісті заң жобасына енгізуді ұсынды. Сол кезде біз сұрап едік, енді монополистерді қалай қадағалайсыздар деп. Сондағы алған жауабымыз мынау: «Біз оларды күн сайын болсын, Бас прокуратура, салық органдары арқылы тексере аламыз. Бұл заңда көрсетілген». Бірақ бүгінде сіздер бұл құзыретті пайдаланбай отырсыздар. 

Қайрат Қожамжаров, ҚР Бас прокуроры:

- Бұл органның мынадай құқығы бар. Тарифтерді көтерер алдында монополистер бүкіл құжаттарды алып келу керек. 145 күн беріледі. Соны қарап, тексеріп, қолдауға немесе теріс қайтаруға. Сол себепті барлығы бар. Сотқа да бара алады. Предписание жасай алады. Біз оны жасай алмаймыз. Құзырет жеткілікті.

Ал Ақмола облысының әкімі Көкшетау жылу мекемесіне қуаттылығын арттыру үшін 5,6 млрд теңге қаражат бөледі. Алайда кәсіпорын қазынадан алған қаржының жартысынан астамын депозитке салып табыс тапқан. Маңғыстау облысында да осыған ұқсас жағдай. «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» тариф құнын көтеру арқылы 8,4 млрд теңге пайда көрген.

Мәлік Мырзалин, Ақмола облысының әкімі:

- Олар депозитке салады, бұдан кейін мазут, көмір сатып алуға жұмсалады. Биыл біз көмірді былтырға қарағанда 30 мың тоннаға артық сатып алдық. 

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:

- Бір сағат бұрын соттың шешімі, Нұрсұлтан Әбішұлы, шықты. Прокуратураның берген ұсынысы қабылданды. Қазір осы нақты шешімге байланысты тарифтің деңгейін 20 процентке дейін түсіруге мүмкіндік бар. Бірақ ары қарай олардың соттасуғақақысы бар. Сондықтан соңын тосамыз.

Елбасы Энергетика министріне жыл соңына дейін электр энергиясының құнын төмендетуді тапсырды. Үкіметке артылған тапсырма да аз болмады. Президент қарапайым халық өз қаражатының қайда жұмсалып жатқанын білу керек-деді.  Ал, мәселені реттеу бойынша қабылданған шаралар  халықтың сенімінен шығуы тиіс.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Бас прокуроры:

- Біз олар бюджет қаражатын жымқырып отырғанын анықтадық. Бұл жерде осы мәселені қадағалау керек екі министрліктегі лауазымды тұлғалардың сөз байласқанын көріп отырмыз. Біз мәселенің ақ-қарасын анықтап бұл мәселені соңына  дейін жеткіземіз. 

Жиынды қорытындылай келе Елбасы шенеуніктерге соңғы рет ескерту жасады.

Авторы: Назерке Әбдірахманқызы

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы қазақстандықтарды толғандыратын өзекті мәселелерді атады Н.Назарбаев монополияға қарсы күрес комитетінің басшысына сөгіс жариялады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы