365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кезекті сессиясы өтуде

  • 143
  • UPD: 20:56, 08.11.2018

Астанада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кезекті сессиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алқалы жиынға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің басшылары мен Арменияның премьер-министрі міндетін уақытша атқарушы қатысуда. Биыл біздің ел аталған ұйымға төрағалық еткен еді. Нұрсұлтан Назарбаев осы бір жылда атқарылған жұмыстарды түйіндейді. Одан кейін тараптар халықаралық және өңіраралық қауіпсіздік мәселелерін талқылауға көшеді. Сондай-ақ күн тәртібінде Сирия мен Ауғанстандағы шиеленісті қарастыру көзделген. Саммит соңында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданбақ. Одан бөлек, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымның бас хатшысы қайта таңдалатын болады.

Осы категория бойынша: « Елбасының қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан арнайы шығарылым ҰҚШҰ кеңесінің сессиясында жиырмадан астам мәселе талқыланады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы