369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Петропавлға барды

  • 140
  • UPD: 14:11, 09.11.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағы Петропавл қаласына келіп қонды. Ал Ресей президентінің облыс орталығына қашан келетіні әзірге беймәлім.

Елбасы борттан түсе сала, өңірдің өндірістік нысандарының бірі – Кирова зауытына барды. Онда жұмысшылармен жүздесіп, облыстың әлеуметтік даму қарқынын бағамдады. Президент өз сөзінде аймақтағы мектептер құрылысына, жалпы әлеуметтік инфрақұрылым саласына салынған инвестицияның артып келе жатқаны оң үрдіс деді. Мемлекет басшысының алдында облыс әкімі Құмар Ақсақалов да баяндама жасады. Жалпы пленарлық отырыс сағат 14-те басталады деп жоспарланып отыр. Сондықтан қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Айта кетейік, форумды ақпараттандыруға қазақстандық және ресейлік 200-дей журналист жиналды. Ал жалпы делегаттардың саны 2 мыңнан астам.

Атап айтсақ, еліміздің 17, ал Ресейдің 11 аймағынан іскерлік топ өкілдері келді. Пленарлық отырыс басталмас бұрын Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин теннис орталығында кең қанат жайған көрмені тамашалап, туристік өңірлердің мүмкіндігін бағамдайды. Сондай-ақ жеке-дара кездесіп, туризм тақырыбында ой бөліседі. Басқосуда екі жақты қарым-қатынастың жай-жапсары мен «Бәйтерек» ғарыш кешені жобасының жүзеге асырылу барысы қозғалуы мүмкін.

Еске сала кетейік, кеше Астанада ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының жиыны өтіп, Қазақстан мен Ресей президенттері, сондай-ақ өзге де мүше мемлекеттердің басшылары кездескен болатын. Ал бүгінгі Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің жоғары деңгейдегі кездесуінде туризм саласын дамытуға арналған маңызды бастамалар ортаға салынады. Егер кешегі күн қорытындыларына тоқталсам, қос мемлекеттің үкіметі өкілдері 2025 жылға дейін жүзеге асырылатын арнайы бағдарламаны әзірлеуге кірісті. Соның аясында шекаралық аймақтардың инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі бастама көтеріліп отыр. Яғни, алдағы 7 жыл бойы арадағы барыс-келіске кедергі болған мәселелердің шешімі табылады. Бұдан бөлек, Қазақстандық тарап 130-ға жуық мемлекеттің азаматтары үшін визаны электронды түрде беруге ниетті екенін жеткізді. Тараптар бүгін де бірқатар коммерциялық құжаттарға қол қоюы тиіс.

Айта кетейік, форумға «Қазақстан мен Ресей туризмін дамытудың жаңа жолдары мен үрдістері» атты тақырып арқау болған.

Осы категория бойынша: « Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді Елбасы Петропавлдың Киров атындағы зауытына барды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы