368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті

  • 180
  • UPD: 21:42, 09.11.2018

Биыл 8 айдың ішінде Қазақстан мен Ресейдің сауда айналымы 11 млрд доллардан асты.

Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 18 млрд долларға жетеді деп жоспарланып отыр. Екі елдің 15-өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысында Елбасы осылай деді. Нұрсұлтан Назарбаев өңіраралық форум бүгінде мемлекетаралық үнқатысу алаңы әрі экономикалық ықпалдасудың институы ретінде маңыздылығын дәлелдегенін атап өтті. Мәселен, бұған дейінгі басқосулардың аясында 200-ден аса шарттар мен келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар тек аймақтың дамуына ықпал етіп қана қоймай, экономика салаларының дамуына серпін берді. Бүгінде қос мемлекет өзара сауда-саттықты жандандырып, әсіресе қайта өңдеуден өткен тауарлардың үлесін 82 пайызға жеткізіп отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Россия является крупнейшим рынком для казахстанского экспорта обработанной продукции. За годы независимости прямые иностранные инвестиции России в Казахстан составили порядка $14 млрд, Казахстана в Россию – около $4 млрд. Эти цифры наглядно подтверждают нашу значимость друг для друга. С участием российского капитала в Казахстане успешно осуществляют свою деятельность более 9 тыс. предприятий. Они представлены во всех сферах экономики. На сегодня мы уже реализовали более 60 крупных инвестиционных проектов на $10 млрд. На стадии реализации находятся еще 57 проектов на общую сумму еще $6 млрд.

Сондай-ақ Елбасы туризм саласы бүгінде ғаламдық экономиканың алға қозғаушы күші екенін атап өтті. Әлемде ашылатын әрбір оныншы жұмыс орны осы салаға тиесілі. Жүздеген миллиард доллар тікелей инвестиция да осында құйылады. Бастысы, бұл сала экономиканың негізгі секторларын дамытуға ықпал етеді. Былтыр әлемдік туристік қызметтің экспорты 1,6 трлн долларға жетті. БҰҰ есебінше, 2030 жылға қарай танымал қалалар мен шипажайларға, сондай-ақ тарихи орындарға 2 млрд-қа жуық адам саяхаттайтын болады. Нұрсұлтан Назарбаев: «осыған мән бере келе Қазақстан мен Ресей бұл процестерден қалыс қалмауы керек», – деді. Ол үшін екіжақты туризмді дамыту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Бұл ретте Ресей Президенті де әріптесін қолдап, туризмнің әлеуеті зор екенін атап өтті.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

- Ресей мен Қазақстан арасында көптеген сала бойынша тығыз қарым-қатынас орнағаны белгілі. Әсіресе туризм бағытының әлеуеті зор. Мәселен, жыл сайын Ресейге 3 миллионнан аса қазақстандық саяхатшы келеді. Дәл солай Ресейден Қазақстанға ағылатын туристер саны 3 миллионға жуықтайды. Енді осы бағыттағы бірлескен жұмыстарды жандандырып, көрсеткіштің одан сайын ұлғаюына жағдай жасауымыз керек. Жалпы туризмнің ел экономикасына берер пайдасы өте көп. Соның арқасында қосымша жұмыс орындары пайда болады, шағын және орта кәсіпкерлік дамиды.

Осы категория бойынша: « Қазақстан мен Ресей президенттері туристік өнімдер қойылған көрмені аралады Н.Назарбаев пен В.Путин XV өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы