364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев: СҚО-ның экономикалық көрсеткіштері қалыпты деңгейде

  • 252
  • UPD: 23:27, 09.11.2018

Қазақстан мен Ресейдің 15-өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында СҚО-ға арнайы сапармен барған Елбасы осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Мемлекет басшысы алдымен Киров атындағы зауытқа аялдап, жұмысшылармен жүздесті және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын бағамдады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен экспортты арттыруға қатысты мәселелерді пысықтады.

Бұл – өңірдің ғана емес, республиканың жетекші кәсіпорындардың бірі. Киров зауыты теміржол бұйымдарын, телемеханикалық жабдықтарды, байланыс және қауіпсіздік құралдарын шығарады. Елбасы ұшақтан түсе сала, яғни форум басталмас бұрын осы өндіріс орнына арнайы аялдады. Жұмысшылармен жүздесіп, толғандырған мәселелерін сұрады. Сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен танысты.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Тоғыз айда облыстың қысқамерзімді экономикалық индикаторы 105,3%-ті құрады (ҚР – 6-орын), ҚР – 104,8%. Статистикалық мәлімет бойынша, осы мерзімде құрылыс жұмыстарының көлемі 1,4 есе өсті, негізгі капиталға инвестициялар көлемі – 7,8%-ға, ауыл шаруашылығы – 2,1%, өнеркәсіпке – 1,8%, тұрғын үйлерді қолданысқа беру 5,5%-ке өсті.

Облыс таяуда ғана орақ науқанын аяқтады. Жиналған астық көлемі 5,3 миллион тоннаға жетті. Ал майлы дақылдардың мөлшері 1 миллион тоннаға жуықтады. Жалпы өңірдің кәсіпорындары 180 миллиард теңгенің өнімін шығарды. Енді өндіріс орындары цифрлық жүйеге көшуді жоспарлап отыр. Соның бірі Киров зауыты ауқымды міндетті іске асыруды бастап кетті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Я помню этот завод давным давно. Теперь переделали. Самое главное, вы довольны? Город стал красивее. Мы постарались, выделили деньги, улицы обновили. Новый аким хорошо поработал. Университет расширили. Школы построили.

Жалпы, аймақ басшылығы алдағы 3 жылға арналған кешенді жоспар құрған. Соның аясында өңірде «7-20-25» бағдарламасы аясында 16 тұрғын үй бой көтереді. Бұдан бөлек өзге ауқымды жобалар жүзеге асады. Президент зауыт аумағын аралай келе облыс активімен де жүздесті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Шекараның шетінде тұрған облыс қой деп барлық жағдайды жасап жатырмыз. Қала көркейіп келе жатыр.

Солтүстік Қазақстан – елдің шетінде, желдің өтінде орналасқан облыс. Өңір Қазақстанның халықаралық нарықтағы ең басты брендтерінің бірі астық өндіреді. Басқа салаларда да өндірісі өркендеп келеді. Әсіресе солтүстіктегі көршіміз Ресеймен сауда-саттығы жолға қойылған. Соңғы 8 айда 222 млн АҚШ долларына жетті. Қойы қоралас, ауылы аралас елді мекендердің болуы екіжақты қарым-қатынасты ілгерілетуге септігіп тигізді. 15-өңіраралық ынтымақтастық форумының Қызылжар шаһарында өтуі осы сөзімізге дәлел.

Форум қарсаңында қалада 3 бірдей жаңа қонақ үй салынды. Цифрлық жүйеге негізделген оқушылар сарайы мен теннис орталығы да бой көтерді. Қаланың инфрақұрылымдық әлеуеті де жақсара түсті. Енді Елбасының әлеуметтік бастамалары арқылы жыл соңына дейін 6000 тұрғын баспаналы болып, 150 мың еңбеккердің жалақысы көтерілуі тиіс. Алдағы уақытта облыс ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу ісін ілгерлетіп, экспортты арттыруға ден қоймақ.   

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Айдос Меделбеков, Руслан Жәкеев

Осы категория бойынша: « Н.Назарбаев пен В.Путин XV өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Оқушылар сарайына барды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы