371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Словакияның Премьер-министрімен кездесті

  • 226
  • UPD: 16:50, 15.11.2018

Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Словакия елінің Премьер-министрі Петер Пеллегринимен кездесті.

Басқосуда тараптар екі мемлекеттің сауда-экономикалық ынтымақтастығы жайында сөз қозғады. Елбасы Словакия Республикасы үкімет басшысының келуі экономиканың түрлі секторларында өзара байланысты нығайтуға сеп болатынын айтты. Ал Пеллегрини Қазақстанның әлемдегі мемлекетаралық диалогты орнатудағы ерекше рөлін тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол агроөнеркәсіп, көлік, логистика және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Господин Премьер-министр, я вас приветствую в Казахстане. Мы рады вашему приезду. Между нашими странами добрые отношения. Нет проблем ни политических, ни экономических. Это очень важно. Я вспоминаю нашу встречу с президентом Гаспаровичем в 2010 году. Сейчас вы встречались с нашим премьер-министром. С вами приехала бизнес-делегация. Это даст новый толчок нашим отношениям. Я вас приветствую.

Петер Пеллегрини, Словакия Республикасының Премьер-министрі:

- Құрметті Президент! Сізбен кездескенімізге қуаныштымын. Біз Қазақстанды халықаралық деңгейде беделі жоғары ел деп санаймыз. Қазақстан көптеген мәселелерді шешуде үлкен рөл атқарып отыр. Біздің мемлекеттер арасында жақсы қарым-қатынас орнағаны рас. Алайда, сіз тауар айналымы көлемінің әлі жеткіліксіз екенін айтып өттіңіз. Бұл пікіріңізбен толықтай келісемін.

Осы категория бойынша: « ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілді Мемлекет басшысы ҚазҰПУ ректорын білім ордасының 90 жылдығымен құттықтады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы