371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда XIV халықаралық Ш.Айманов кинофестивалі өтіп жатыр

  • 468
  • UPD: 12:33, 18.11.2018

Алматыда халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды.

Көрерменге «Шәкен жұлдыздары» фестивалі ретінде жақсы таныс шара биыл жаңа форматта өтуде.

Киномереке дәстүрлі қызыл кілеммен басталды. Киноөндіріс саласында халықаралық байланысты нығайтуды көздеген фестивальге Сердар Гекхан, Борис Шульман, Катаюн Беглари сынды әлемнің танымал киногерлері шақырылған. «Ұйымдастырушылар көрерменге шынайы өнер деп айтуға тұрарлық нағыз киноны көрсеткіміз келді», – дейді. Кәсіби мамандар жиналған алаң 40-қа жуық фильмді саралайды.  

Ермек Тұрсынов, Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы, кинофестиваль директоры:

– Бұл нағыз кәсіби, жұмыс істейтін фестиваль. Сондықтан болашағы өте жақсы болады деп ойлаймын. Түркітілдес елдерден бауырларымыз келіп жатыр. Әлемдегі ең үздік киногерлер келіп жатыр. Сондықтан бұл фестиваль пайдалы жиын болайын деп тұр.

Кинофестивальдің бағдарламасы үш жеке бөлімнен тұрады. Оларға Шәкен Аймановтың туындыларының атауы берілген. «Жол түйісі» бөлімінде көрермен дүние жүзіне танымал картиналарды тамашалай алады. «Атамекен» – бұл түркі халықтары фильмдерінің байқауы, ал «Біз осында тұрамыз» бөлімінде отандық кинотуындылар бақ сынап, үздік туындыларға Қазақстан Кинематографистер одағының «Құлагер» ұлттық сыйлығы табысталады.

Садық Шер-Нияз, режиссер /Қырғызстан/

– Бұл тәжірибе алаңы. Кәсіби режиссердің қолынан келмеген дүниені жастар сәтті жасап жатады. Осындай байланыс кәсіби тұрғыда өсуге мүмкіндік береді. Тіпті көрермен талғамының өсуіне де әсер етеді. Рухани ләззат сыйлайтын фестиваль деп айтар едім.

Айта кету керек, ауқымды мәдени шарада түркітілдес мемлекеттердің киноларына баса назар аударылмақ. Тарихы терең түркі әлемін арқау еткен фильмдер конкурсы алғаш рет өтіп отыр.

Садық Шер-Нияз, режиссер /Қырғызстан/

–Түрік дүниесі – бұрынғы Омар Хаямның дүниесі Әбу ибн Синаның дүниесі, Ұлықбектің дүниесі, Назым Хикметтің, Мұхтар Әуезовтың, Абайдың, Шыңғыс Айтматовтың дүниесі. Бүгінгі күнде шығармашылық нысандарға сусап тұр. Біз басқа бір мәдениетке бет бұрып кеттік.

21 қарашаға дейін жалғасатын кинофестиваль аясында шығармашылық кездесулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар мен шеберлік дәрістер ұйымдыстырылмақ. Ал қала тұрғындары мен қонақтары фестиваль аясында көрсетілетін туындыларды шаһардағы ірі кинотеатрлардан тегін тамашалай алады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Ерлан Әбжанов

Осы категория бойынша: « 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы