371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Татарстанның Тұңғыш Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

  • 315
  • UPD: 19:30, 18.11.2018

Мемлекет басшысы Татарстан Республикасының Тұңғыш Президенті Минтимер Шаймиевтің зайыбының қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Сіздің сенімді тірегіңіз, өмірлік серігіңіз және балаларыңыздың анасы Сәкина Шәкірқызының қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым.

Сізге және отбасыңызға орны толмас қайғыға орай барша Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын.

Сәкина Шәкірқызының жарқын бейнесі татарстандықтардың жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Ақпарат көзі: Ақорданың баспасөз қызметі

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы Ресей президенті В.Путинмен телефон арқылы сөйлесті Елбасы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы