371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы: Құқық қорғау органдарының қазіргі жағдайы азаматтардың көңілінен шықпайды

  • 417
  • UPD: 22:46, 19.11.2018

Құқық қорғау органдарының жұмысына да терең әрі сапалы өзгерістер қажет. Қоғам құқық қорғау органдарының, ең алдымен полиция жұмысының түбегейлі жақсаруын күтіп отыр. Себебі қауіпсіз өмір - сапалы өмір. Президент биылғы жолдауында құқық қорғау органдарының жұмысын реформалауды тапсырған болатын. Ал бүгінгі кеңесте аталмыш мәселе кеңінен талқыланып, Елбасы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Бүгінгі қоғамға қандай полицей керек? Президент биылғы Жолдауында полиция қарапайым азаматтың көмекшісіне айналуы тиіс деген болатын. Құқық қорғау саласын реформалау көптен күткен іс. Қазақстандық полицияның жаңа келбеті туралы Ақордада айтылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Біз бүгін менің Жолдауымдағы айтылған құқық қорғау мәселесін жетілдіру жөніндегі орындалуын қарайық деп отырмыз. Біз бұл мәселені көптен бері айтып келе жатырмыз, жасап келе жатырмыз. Ең алдымен Ішкі істер органдарының жұмысына байланысты мұның бәрі. Сондықтан біз оны жан-жақты қарап, тиісті шешім қабылдап, қалай құқық қорғау органдарының жұмысын дұрыс жолға қоямыз деген мәселені қарайтын боламыз.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері туралы бүгінгі қоғамның пікірі ала-құла. Алайда саралап көрсек сыни пікір басым. Бірақ қысылтаяң шақта олардың көмегіне әрбіріміз жүгінетініміз рас. Өзімізді қауіпсіз сезіну үшін. Тәуелсіздік жылдары 800-ге жуық полиция қызметкері қызмет бабында көз жұмған деген деректі бүгін Елбасының өзі айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- В моем ежегодном Послании что за последние три года благодаря усилиям органов внутренних дел уровень преступности в стране сократился на 17,5%. Люди за защитой от криминала в первую очередь, обращаются в полицию. За эти годы независимости погибло 779 сотрудников, около двух с половиной тысяч получило ранения. И это надо помнить. Вместе с тем текущее состояние органов внутренних дел не в полной мере отвечает запросам общества.

Құқық қорғау қызметкері мен қарапайым азамат арасындағы қарым-қатынастың ескі әдісінен арылу керек деді президент. Қазақстанға жаңа формациядағы тәртіп сақшылары керек. Ішкі істер органдарының жұмысын сапалы өзгерту қажеттігін бүгін тағы айтты.

Ішкі істер министрлігінің штаты 10% қысқаратын болды. Сан емес, сапа керек бізге. Полиция жұмысына тән емес функциялар алып тасталады. Сөйтіп, 100 мың қазақстандыққа 424 полицейден келетін болды. Үнемделген ақша қызметкерлердің жалақысын көтеруге жұмсалады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Необходимо освободиться от всего лишнего и сосредоточиться на борьбе с преступностью и охране правопорядка. Будут оптимизированы звенья, в результате чего на одного руководителя будет приходиться не три, а пять  подчиненных. Штатная численность сократится на 10%. Данные меры приведут к снижению количества полицейских на душу населения с 471 до 424 на 100 тысяч граждан, что сопоставимо со средним европейским уровнем. При этом будет сэкономлено 16 миллиардов тенге.

Тәртіп сақшыларын баспанамен қамту салаға кәсіби мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Құқық қорғау органдарының қатарына қабылдау, даярлау, олардың мансаптық жолы толығымен қайта қаралатын болады.

Қазір Қазақстанда құқық қорғау органдарына маман даярлайтын 12 оқу орны бар, олардың саны бесеуге қысқарады. Ол жерде ең үздік оқытушылар дәріс оқитын болады. Жаңа реформа – жаңа талап. Сала қызметкерлерін кезектен тыс аттестация күтіп тұр.

Жыл сайын 4,5 млн қазақстандық құқық қорғау органдарына көмегіне жүгінеді, алайда ол үшін қажетті жағдай жасалмаған. Ол үшін Нұрсұлтан Назарбаев жайлы, техникалық жабдықталған фронт-офистер ашуды тапсырды. 

Құқық қорғау саласын цифрландыру. Бұл жұмысты жеңілдетудің ең тіимді әрі саладағы жемқорлықты азайтуға септігін тигізетін бірден бір фактор. Құқық қорғау органдарының жұмысы ғана жаңармайды, киімі де өзгереді. Бүгін жаңа киім үлгісі президент қарап, бағасын берді. 

«Азаматтар санасында полицейлер жазалаушы емес, керісінше қиын жағдайда көмек көрсетуші» деген түсінік орнауы тиіс», - деді Елбасы. Ол түсінік қай кезде орнайды? Әрине полицияның жұмыс сапасы жақсарғанда. Тәртіп сақшысының өз тәртібі түзелгенде. Ал біздің қоғам бұл реформаға үлкен үміт артады.

Авторлары: Гүлжан Марқабаева

Осы категория бойынша: « Елбасы судьяларға артылатын жүктемені азайтуды тапсырды Елбасы Дінзухра Тілендиеваны қабылдады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы