377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасына бірқатар тапсырма берді

  • 347
  • UPD: 20:19, 20.11.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ұлттық банк төрағасын да қабылдады.

Елбасы Данияр Ақышевтың баяндамасын тыңдамастан бұрын қазақстандықтарды төл валюта - теңгенің 25 жылдығымен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Поздравляю всех казахстанцев и всех работников финансового сектора с 25-летием национальной валюты. Мы преодолели непростой путь. Введение тенге положило начало финансовой независимости Казахстана. Сегодня мы переходим на новый этап развития

Бұдан әрі Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің қаржы-валюта нарығындағы жағдаймен танысып, негізгі экономикалық даму көрсеткіштерін бағамдады. Данияр Ақышев қазан айында инфляция соңғы 3 жылдан бергі ең төменгі - 5,3%-ға түскенін жеткізді. «Ал жыл соңында жалпы көрсеткіш 5 пен 7% аралығында тіркеледі», - деді Ұлттық банк төрағасы. Бұған қоса, Президентке ұлттық валюта бағамы жөнінде де мәлімет берілді. Данияр Ақышевтың айтуынша, энергетикалық шикізат түрлерінің қазіргі құны теңге мен шетелдік валюталар арасындағы айырмашылықты тұрақты деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Ал еліміздің алтын-валюта қорына келер болсақ, өткен айда көрсеткіш 29 миллиард долларға тең болған. Сол секілді шетелдік валютадағы ұлттық қор активтері 57 миллиард долларға жеткен.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

- Қазіргі инфляциялық көрсеткіш біз жоспарлаған дәліздің ең төменгі деңгейінде тіркеліп отыр. Дегенмен, ол өсіп кете ме деген қауіп әлі де бар. Біріншіден, экономикада инфляцияға кері әсер ететін жағдайлар кездеседі. Сондықтан Үкіметпен бірлесіп, қымбатшылыққа жол бермеуіміз қажет. Екіншіден, біздің сауда-саттық саласында серіктес мемлекеттердегі ахуал да қуантарлық емес. Себебі, доллар нығайып келеді және дамушы елдерден капитал шығысы жалғасып жатыр. Энергетикалық шикізат түрлерінің бағасына келсек, мұнай баррелінің орташа құны қазір 65 доллар. Қазан айының басында 85 доллар болған еді. Содан бері қара алтын құны 20%-ға арзандады.

Хабар 24 телеарнасы